» » Үздіктер анықталған кеш

Үздіктер анықталған кеш

Жуырда Тәйімбет Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты салтанатты іс-шара өтті. Оған аудан әкімі Қайрат Нұртай, аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов, аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Дастан Буханов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов, «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы Жақсыбек Әбенов, мектеп, мектептен тыс мекеме директорлары, балабақша меңгерушілері, сала ардагерлері мен ұстаздар қатысты.
Мерекелік шараға жиналған жұртшылықты аудан әкімі еліміздің ұлттық мерекесімен құттықтады.
– Баршаңызды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы – бұл ел тарихындағы айрықша маңызды кезең. Еліміз 30 жылда Елбасының көшбасшылығымен барлық қиындықтан өтіп, қуатты Қазақстанның іргесін қалады. Ауданымызда 12 мектеп, 8 балабақша ғимараттары жаңадан салынып, үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді. Отыз жыл ішінде 7 мың оқушының саны қазіргі таңда 15 мың 200-ге жетті. Тәуелсіздік алған уақыттан бастап білім саласында жеткен жетістіктеріміз ұстаздардың тынымсыз еңбегінің арқасында келді. Мерейлі мереке қарсаңында отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге шығармашылық табыс тілеймін. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын, – деді аудан әкімі Қ.Нұртай.
Ұстаз мәртебесі ұлықталған тағылымды іс-шарада саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагерлер аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Ал білім беру мекемелерінің жыл көлеміндегі атқарған жұмыстарының нәтижесімен аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Гүлзия Қараманқызы таныстырып, ардагер-ұстаз Сәбит Отызбаевпен марапат табысталды. Жыл қорытындысы бойынша «Білім шыңы – 2021» номинациясымен №26 орта мектеп, «Ынтымағы жарасқан ұжым – 2021» номинациясымен №105 мектеп-лицейі, «Жаңашыл ұжым – 2021» номинациясымен №250 орта мектеп ұжымы марапатталды. Ал «Табысты мектеп – 2021» номинациясымен №272 орта мектеп ұжымы марапат төрінен көрінсе, №273 орта мектеп «Ұйымшыл ұжым – 2021» атанды. «Парасатты ұжым – 2021» номинациясына №275 орта мектеп ұжымы лайық деп танылса, «Жылдың үздік ұйымы – 2021» номинациясы №277 орта мектептің ұжымына бұйырды. «Үздік әлеуметтік әріптес – 2021» номинациясымен №27 орта мектеп, №80 мектеп-гимназиясы, №99 орта мектеп, №269 орта мектеп ұжымдары марапатталды. №1 санаториялық ясли бала-бақшасы «Ынтымағы жарасқан ұжым» номинациясымен сахна төріне шықса, «Жаңашылдық жаршысы» номинациясын №10 балабақша иеленді. №22 Гау­хартас бөбекжай бақшасы «Жаңа идеялар жаршысы» атанса, «Бала жанының бағбаны – 2021» номинациясы №23 «Балдырған» бөбекжай бақшасына табысталды.
Тынымсыз тірліктің еленетін уақытында марапат төрінен көрінген ұстаздар қауымының әрбірі құрметке лайық. Бұл жетістіктің артында біріге жұмыс атқарған әрбір ұжым, қызметіне адалдық танытқан кез келген қызметкердің өзіндік үлесі бар. Ұрпақ тәрбиелейтін ұлағатты жандарға арналған жиын өнерпаздар өнерін тамашалаумен жалғасып, ерекше көңіл-күй сыйлады.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
16 желтоқсан 2021 ж. 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031