» » Мемлекет тілімен мәртебелі

Мемлекет тілімен мәртебелі

qarmaqshy-tany.kz Әлемде 6 мыңнан аса тіл болса, соның 200-дейі ғана мемлекеттік тіл мәртебесіне ие екен. Елді елден екшейтін, абыройын биік ететін, сөзсіз – ана тілі. Тілі өшкен ұлттың өзі де өшеді. Тілі бұлыңғыр елдің болашағы да бұлыңғыр келеді. Мемлекетті ыдырату үшін соғыссыз-ақ оның тілін маргиналдырса, жетіп-ақ жатыр. Тілі шұбарланған елдің мемлекет тұрпатынан тез ажырап, өңі өзгеріп сала бергенінен тарихта мысалдар жетіп артылады. Сол себепті де тәуелсіздігімізбен бірге гүл атқан ана тілімізді құрметтеп, қадірлеу – барша қоғамның атсалысатын қастерлі ісі.

1991 жылдың 16 желтоқсаны еліміздің тасқа таңбаланған тарихында алтын әріппен жазылып қалған күн болды. Еңсесін көтеріп егемендігін алған ұлтымыз дамудың дара жолына түсті. Желтоқсан ызғарына қарсы тұрған жастардың жалыны Отаншылдық рухта шарпып, көк байрағымыз биікте желбіреді. Содан беріде Қазақстанды әлем танып, салт-дәстүрі, ана тілі, діні мен ділі тұғырына қонды. Бабалардың сан ғасыр арман еткен тәуелсіздік күніне бүгінгі ұрпақ жетті. Бұл – бақытты ұрпақ. Оның да өз мис- сиясы, міндеті бар. Ол – арда тұтқан ана тілімізді өркендетуге, көкжиегін кең жаюға қызмет ету.
Айтулы мерекеге байланысты Халық- аралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалы бастауыш ұйымдарда қазақ тілінің мәртебесін көтеруге белсенді үлес қосып жүрген бір топ тіл жанашырларын қабылдап, салтанатты кездесу өткізді. Оған аудандық филиалдың алқа мүшелері Қармақшы ауданының құрметті азаматтары Ә.Құлдүйсенов, Ш.Құндақбаев және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Д.Буханов, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің әдіскері Б.Қайырбаев, аудандық қоғамдық даму бөлімінің маманы Ә.Бүркітбаева және аудандық филиалдың бастауыш ұйым төрағалары, тіл жанашырлары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Қабылдауда аудандық филиал төрағасы Г.Раева бабалар аңсаған тәуелсіздіктің құндылығын айтып, филиал тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталды.
– Тіл белсенділері мен жанашырларының қатысуымен кент орталығындағы көшелерде орналасқан кәсіпкерлік нысандардың көрнекі ақпараттарына мониторинг жасалып, бірнеше рет рейдтік түсіндірме жүргізілді. Мемлекеттік тілдің мерейін арттыруда жыл көлемінде көптеген іс-шара өткізілді. Сондай-ақ, ата текті ауыстыруға байланысты түрлі кездесу, дөңгелек үстел отырысы өтіп, онда құнды пікірлер айтылды. Мамандардың кеңесі тыңдалды. Әлбетте жұмысымыз мұнымен шектелмейді. Жас ұрпақты өз елінің патриоты болуға, тілін құрметтеуге шақыра беретін боламыз, – деді ол.
Іс-шарада мемлекеттік тілдің дәрежесін көтеруде аудандық филиалдың алқа мүшелері Ә.Құлдүйсенов, Ш.Құндақбаев ағаларымыз тәуелсіздік, тіл мәселесі жайында келелі пікірлер білдірді. Мемлекеттік мәртебеге ие ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуге және «Қазақ тілі» қоғамының жұмысына белсене араласып, әр салада абыройлы қызмет етіп келе жатқан бірқатар тіл жанашырын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының алғыс хаты мен сыйлығын табыс етті.
Қабылдауда аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің әдіскер маманы Г.Көбекова, аудандық «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы С.Райымбаева биыл ауданның қол жеткізген табыстары мен ел дамуында жемісті еңбек етіп келе жатқан жастардың жетістігін әңгіме өзегіне айналдырып, осындай игі шараны ұйымдастырған аудандық филиалға риясыз алғыстарын айтты.
С.ДАТ
23 желтоқсан 2023 ж. 238 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (10336)

07 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 586

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30