» » Тіл теңдесіз байлық

Тіл теңдесіз байлық

qarmaqshy-tany.kz Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттық тілі, діні, мәдениеті, ділі. Тәңірдің адам баласына жасған ең үлкен сыйы да осы тіл. Тіл – қасиетті де қастерлі. Тілдің бойында өзекті, адамды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тіл – тағдыры –ел тағдыры.
Ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынов: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» - деген екен. Ата Заңымыздың аясында бақ берекеміздің сақталып, іргеміздің нығайып отырғаны тіл саясатын жүргізудің жарқын бейнесі. Тіл - халық қазынасы, ұлттың жаны һәм айнасы. Тіл мәселесі – бір адамның ғана емес, барша қазақ  ұлтының  мәселесі. Тілдің мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Сондықтан, тіл мәселесіне аса назар аудару – біздің басты міндетіміз.
Отбасы – шағын мемлекет. Тіл меңгеруде отбасындағы ата – ананың рөлі ерекше. Әр отбасы уыз шағынан балаға қазақ тілін үйретуді қолға алса, мемлекеттік тілде сөйлейтін халық қатары азаймас еді.  Қазақ тілі – жалғыз қазақ халқының ғана емес, мемлекеттік тіл – бәріміздің ортақ тіліміз.
Өз ұлтының қадыр –қасиетін ана тілі арқылы ұлықтап, ата – бабасының асыл аманатындай ардақтап, ұлан байтақ аумақты алып жатқан Қазақстан Республикасы деп аталатын тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі болып саналатын ана тілімізде сөйлемей, өзге тілге басымдық беруіміз – елімізге сын, аманатқа қиянат болып табылатыны сөзсіз.
Қорытындылай келе, тілге деген құрмет – елге, халыққа деген құрмет. Ел мерейі – тіл мәртебесі. Тілсіз халықтың өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған, әлем мойындаған ел болу үшін тілімізге деген құрмет соғырлым жоғары болу қажет. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей ана сүтімен дарыған қасиетті де қастерлі тілге құрмет көрсетіп, дақ түсірмеу сізбен-біздің парызымыз.
                                                                     Қармақшы аудандық сотының   
                                                                    кеңсе меңгерушісі Мәтжанов Ербол
30 қаңтар 2023 ж. 428 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031