Тіл мерейі – ел мерейі

Отбасы – шағын мемлекет. Тіл меңгеруде отбасындағы ата – ананың рөлі ерекше. Әр отбасы уыз шағынан балаға қазақ тілін үйретуді қолға алса, мемлекеттік тілде сөйлейтін халық қатары азаймас еді. Қазақ тілі – жалғыз қазақ халқының ғана емес, мемлекеттік тіл – бәріміздің ортақ тіліміз.
Өз ұлтының қадыр –қасиетін ана тілі арқылы ұлықтап, ата – бабасының асыл аманатындай ардақтап, ұлан байтақ аумақты алып жатқан Қазақстан Республикасы деп аталатын тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі болып саналатын ана тілімізде сөйлемей, өзге тілге басымдық беруіміз – елімізге сын, аманатқа қиянат болып табылатыны сөзсіз.
Қорытындылай келе, тілге деген құрмет – елге, халыққа деген құрмет. Ел мерейі – тіл мәртебесі. Тілсіз халықтың өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған, әлем мойындаған ел болу үшін тілімізге деген құрмет соғырлым жоғары болу қажет. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей ана сүтімен дарыған қасиетті де қастерлі тілге құрмет көрсетіп, дақ түсірмеу сізбен-біздің парызымыз.
Қармақшы аудандық сотының
бас маманы Қ.Есханов