» » Тілімізге де тірек керек

Тілімізге де тірек керек

Мемлекет алда тұрған міндеттерді қадағалап, орындалуына ықпалын тигізгенмен, мемлекеттік тіл мәселесі қағаз жүзінде есеп берумен, тексерулермен түгелденбейді.
 Қазақ тілі заң қызметі, оның ішінде, сот саласына да батыл еніп, барынша іске асуын жауапты басшылардан талап ететін кез келді. Орыс тілі ресми қолданыс тілі дегенді желеу еткен кейбір мекеме басшылары әлі күнге қазақ тіліне қол сілтеп, жүрдім-бардым қарап отыр. Десек те, бүгінгі таңда тіл саласында атқарылып жатқан тұщымды жұмыстарды ешкім де жоққа шығара алмас. Сот саласында да туған тілдің түтінін түзу шығару бағытында тындырымды шаруалар жасалуда. Қармақшы аудандық сотында да бүгінде жұмыс жүйесіз емес. Мемлекеттік тілді айтар ауызға ауыр, тың іске бет бұрғызар тыңдар құлақтың некен-саяқ екендігі де жанға батқаны шындық. «Сот кеңес береді, Ата заңым – айбарым» атты құқықтық насихаттау жұмыстарын жүргізуде халық алдына шығып, сот саласының функционалдық қызметін таныстыру, кейбір заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ана тілінде түсіндірудің қиындық туғызғаны бар. Себебі, ел басқарып отырған «ортанқол» азаматтар тілге шорқақ.
Тіл – әр ұлттың қайталанбас байлығы, асыл қазынасы. Тіл бар жерде ұлт та, бар ел де, жер де бар. Сондықтан, әрқайсысымыз өз ұлтымыздыңтілін, осы тіл арқылы бүкіл әлемге тантып, тіл арқылы басқада салт-дәстүрді, әдет-ғұрыптарды, тарихты, мәдениетті үйренеміз. Сондықтан, ана тілі-дана тілімізді өркендетуге әр азамат өзіндік үлесін қосса, ұлттың қамқоршысы, жаршысы, қорғаны болары сөзсіз. Тіл тағдыры – ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық.
Күнделікті қолданыста да ана тілдің тағдыры мен обалын түсінетін кез жетті. Әсіресе, басқарып отырған басшылардан бастап, министрлік тарапынан тіл мәселесіне қатысты жиындар өткізіліп, талдау жүргізіліп, қазақ тілінде құжат жазатын қызметкерлерге қолдау көрсетілуі қажет.  
С.Жалғасбаева,
Қармақшы аудандық сотының
       бас  маманы, сот отырысының хатшысы 
04 тамыз 2021 ж. 470 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031