» » Тіл – ұлттың жаны

Тіл – ұлттың жаны

Менің тілім – қазақ тілі. Мен оның шұбарлануына әрдайым қасқая қарсы тұруға қауқарлымын. Қазақ тілі байлығым, рухани жан-дүниемнің айнасы, Отанымыздың өсіп-өнуіне бірден-бір септігін тигізер мәңгілік құндылық. Еліміздің болашағы – оның ана тілі. Ол әрдайым бізбен өмір сүрері әсте белгілі. Тіл біздің бақытымыз болса, тілдің бақыты оның болашағының жарқын болуы, ұлтының оны қадір тұта білуі. «Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан-дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі» деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, патриот азаматтың жүрегі қашанда тілі, діні болып соғуы тиіс. Біздің мақсатымыз – әлемдегі өркениетті елдердің қатарында болу. Бұл көздеген мұратқа жету үшін білімді де, тәрбиелі ұрпақ өсіру қажет. Ол дегеніміз – өз ана тілінде, яғни қазақ тілінде еркін сөйлеп, оны тереңінен меңгере білу.
Әрбір адам өз ана тілінде сөйлеуге міндетті. Мен Отанымды, Тәуелсіз Қазақстанымды, қасиетті де қастерлі мекенімді, байлыққа, қазынаға толы жерімді, ең бастысы – болашағы айқын, келешегі жарқын қазақ тілімді мақтан етемін.
Тіл – әрбір ұлттың жаны, сезімінің, ойының жанды көрінісі, халық тарихы, мәдениеттің даму жолы.
Иә, тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, қадірлі ұғым. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Қазақ халқының асыл қазынасы, ана тілі – қазақ тілі мәңгі жасасын!
Б.САРМОЛДИНА,
«Қазақ тілі» қоғамдық
бірлестігінің кітапханадағы
бастауыш ұйымының төрайымы
31 тамыз 2021 ж. 1 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031