» » Цифрлық кітапхана – дәуір кітапханасы

Цифрлық кітапхана – дәуір кітапханасы

qarmaqshy-tany.kz No85 орта мектеп кітапханасында жақында «Цифрлық кітапхана – дəуір кітапханасы» атты облыстық семинар өткізілді. Оның мақсаты – əлеуметтік маңызы бар бастамаларды, жобаларды бірлесе жұмыс жүргізу үшін оқырмандардың қолжетімді жұмыс кеңістігін ұйымдастыру. Сонымен қатар педагогтар мен оқушылардың ақпараттық ққажеттіліктерін жедел орындау үшін үздік əлемдік тəжірибені пайдаланып, кітапханалардың жаңа заманауи үлгісін құру.

Семинар «Ерте, ерте, ертеде...» атты мектеп оқушыларының ертегісімен басталды. Кітап патшайымы қызы екеуі келіп, уәзірлерімен семинарға келген қонақтарды күтіп алып, қазіргі ХХІ ғасыр дәуіріндегі жаңаша жұмыстарды көрсетумен бас тады. Бастауыш сынып оқушылары флешмоб билеп, кітаптармен таныстырды.
«Мектеп кітапханасы және кітап оқу: мәселелер, жаңа тәсілдер, даму перспективалары» атты жұмыстың жаңа түрлерімен облыстық оқу орталығы «Қосымша білім беру» бөлімінің меңгерушісі Г.Ақмырзаева таныстырылым жасады. Мектептегі кітапхана меңгерушісі Ж.Нәрікбаева «Кітапхана қызметіндегі цифрлық технологиялар» тақырыбында жұмыс көрсетті.
«Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім» практикалық бөлімі бойынша «Мен едім көкке бойлай жанған жалын» атты 10 «Б» сынып оқушысы Е.Жалғасбаевтың кітабының тұсаукесері өткізілді. Оған ата-анасы және келген қонақтар қатыса отырып, әкесі мен қонағымыз Гүлайым апай кітаптың тұсауын кесті.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында түсірілген «Дана бала» атты кинофильмнің тұсаукесері көрсетілді. Кинофильмге мектеп мұғалімдері мен оқушылары түсірілді. Бас продюссері мектеп директоры Шаттық Шыңғысова кино желісін өз күшімен жасап ұсынды. «Өмірде өшпес із қалдырған ұлы ақындар» тақырыбында монолог оқу ұйымдастырылды. Оған мектептің 12 оқушысы қатысып, келген қонақтардың алғысына бөленді. Монолог оқу кезеңінде оқушылар бір- бірінен қалыспай, өз шеберліктерін көрсетті.
Оқушыларды оқу мәдениетіне тәрбиелеу, кітапқа деген құрмет пен сүйіспеншілігін қалыптастыру, ең бастысы – кітапты оқуға құштарлығын шыңдау болып табылады. Қазіргі әлем қарқынмен дамуда, жаңа өмір жағдайлары, жаңа инновациялық технологияларды пайдалану мен қажеттіліктерді өзгеріске енгізу кітапхана қызметіне тиесілі.
Жанат НӘРІКБАЕВА,
мектептің кітапхана меңгерушісі
13 желтоқсан 2023 ж. 359 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031