» » Тиімді әдіс – денсаулыққа сеп

Тиімді әдіс – денсаулыққа сеп

qarmaqshy-tany.kz Жақында ауданның психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің басшысы Л.Мұсаеваның жетекшілігімен және кабинет мамандарының ұйымдастыруымен «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарының бағыттары» тақырыбында Ашық есік күні өтті. Оған «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Д.Буханов, аудандық емхананың бас дәрігері Б.Нысанбаев, «Қармақшы таңы» газеті редакциясының бас редакторы С.Райымбаева, аудандық агроколледж директоры Б.Сайдуллаұлы және түзете-дамыту сабақтарын алушы балалардың ата-аналары қатысты.
Іс-шарада жұмыс кабинеттерімен мекеме басшысы Л.Сұлтанбекқызы таныстырып, мамандардың атқаратын жұмыс тарына тоқталды. Атап айтқанда, педагог-дефектологтар Р.Абдраман, Г.Нұрпейісова, педагог-психолог Р.Бұйрабаева, әлеуметтік педагог Г.Досмырзақызы, педагог-логопед Г.Амантаева, емдік денешынықтыру нұсқаушысы Н.Әлібекқызы балалармен жүргізілетін жұмыс әдістемелерін тренинг, ойын түрлері арқылы көрсетті.
Кабинет бала денсаулығын жақсарта түсуде басқа да тәрбие, білім ошақтарымен бірлесе қызмет етуде. Мысалы, осы күнгі «Ертегілер әлеміне саяхат» атты тақырыпта балаларға қызықты қойылым қойған аудандық балалар кітапхана ұжымын айтуға болады. Аудандық Оқушылар үйінің «Руханият» үйірмесінің жетекшісі К.Құлбарақова да әркез көмекке келуге даяр.
Ашық есік күнінде сабақ алушы балалар мен кабинет мамандары «Көңілді старт» спорттық шарасын өткізіп, жарыс ұйымдастырды.
Қорытындысында келген қонақтар ой-пікірлерін айтып, ұжым жұмысына сәттілік тіледі.
С.ДАТ
05 желтоқсан 2023 ж. 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 492

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930