» » Ұлттық тәрбие – ұрпақ қамы

Ұлттық тәрбие – ұрпақ қамы

qarmaqshy-tany.kz Дәстүрлі моральдық құндылықтар – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасатын, алдыңғы ұрпақтан мұра болып қалған, мәңгілік сипатқа ие тұрақты құндылықтар. Олар үлкен білім беру әлеуетіне ие және құндылықтарды тікелей және жанама түрде насихаттауға үлес қосады. Ұлттық өнер, халықтық салт-дәстүрлер негізінде балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты – балалардың адамгершілік тәжірибесін меңгеруі, халықтың рухани мұрасын мұра етіп қалдыру, тұлғааралық және ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне жету.
Бүгінгі ақпараттық-технологиялық заманда балаларға заманауи біліммен қатар ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіру аса маңызды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі биылғы жылы «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдениағартушылық жобасын қолға алды. Қазіргі таңда жоба аясында білім ордаларында ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін іс-шаралар өтуде. Бұл жобаға біздің облыс та белсене атсалысуда.
Сейсенбіде облыстық «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының жылдық жоспарына сай аудандық білім бөліміне қарасты Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектепте «Асық – үлкен халықтық тәрбие» тақырыбында облыстық семинар өтті. Оған облыстық «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының директоры Фархат Досаев, орталықтың Қосымша білім беру бөлімінің басшысы Жұлдыз Асқарова, аудандық білім бөлімі басшысы Гүлзира Абдазиева, ауданның Құрметті азаматы, ардагер ұстаз Дәмелі Жалғасбаева, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Асқар Мереков, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Әбен Қаракөзиев, әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раева, білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Мектеп оркестрінің күмбірлеген күйімен ішке енген қонақтарға алдымен мектеп тарихы таныстырылды. Одан соң «Бастау» мектеп парламентінің фракция депутаттары мектептің қыркүйек айынан бері жүргізген жұмыстарымен және асықтар көрмесімен таныстырды. Көрмеге асықтың түрлеріне арналған толық мәлімет жазылған текшелер, асықпен әрленген қабырға сағаты, түрлі қолөнер бұйымдары қойылған. Адамның қиялында шектеу жоқ қой, шіркін! Асықты пайдаланып мынадай тамаша дүние жасауға болады екен ғой деген ойға қалдық. Одан әрі көзге ерекше көрінген тағы бір дүние – жетістіктер галереясы. Өзгеше дизайнмен, ерекше шеберлікпен жасалған цилиндр көпті таңдай қақтырды. Бұл орын мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктері көрсетілген фотосуреттерден жасалған. Мұнда қаншама маңдай тер мен тынымсыз еңбектің жатқаны айтылмаса да түсінікті.
Мұнан соң жиналған көпшілік акт залына беттеді. Онда ұмыт қалып бара жатқан «Тас қала», «Құмар», «Кетсін» ойындарын дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері 2,5,8-сынып оқушыларымен сахналап, көрініс етіп, ескі ойын ды қайта жаңғыртты.
Келелі көріністен соң семинар бағдарламасымен танысып, соған сай тәрбие сағаты өтетін сыныпқа қарай беттедік. Бұл уақытта үш сыныпта үш түрлі тақырыпта тәрбие сағаттары қойылған. Келген қонақтар таратылған бағдарламаның түсіне орай сыныптарға кірді. Ал тілшілікпен жүрген біздер үш сабақты да қамтуға тырыстық.
Бірінші 2-сыныптағы «Асық – асыл қазынам» тақырыбындағы тәрбие сағатына бардық. Мұнда бүлдіршіндермен бірге әжелер де сабаққа қатысып, тақырыптың мазмұнын аша түсті. Оқушылар сабақта дүкенде сатылмайтын, өзге ұлтта кездеспейтін асық туралы таным көкжиегін кеңейтіп, жаңа ақпаратпен қанықты. Ал 5-сыныпта «Хан ату», «Иіркемел» ойындары бойынша сыныптан тыс жұмыс жүргізілді. Оқушылар тақырыпты терең түсінген, әрі актерлік шеберлікпен сабақты жоғары дәрежеде алып шықты. Сондай-ақ 8-сынып оқушылары ұлттық ойын түрлерінен ғылыми жоба қорғап, көрініс көрсетті. Біз бұл сабақтан асықтың денсаулыққа пайдасын, алдағы уақытта қай бағытта қолдануға болатыны туралы ұсыныстарды да естідік. Барлығы ойға қонымды, ескерер дүниелер. Барлық сыныпқа ортақ дүние – ол оқушылардың мектеп формасы мен ұлттық киімді керемет үйлестіре білгені. Қазақы қамзол мен тақия, шашбау мен сырғалар ерекше көзге түсіп, көңілге жылулық ұялатты.
Сабақтардан соң жиналған көпшілік жуырда ашылған ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы кабинетіне барып, «Даналық мектебінің» жұмысымен танысты. Жақында ғана қолға алынған іс болғанымен бұл мектепте жүйелі жұмыстың жүргізілгені көрініп-ақ тұр. Ұлттық құндылыққа толы кабинет кіргеннен көзге жылы ұшырайды. Мұнда әже мен немере, ана мен қыз, жеңге мен қайынсіңлі, көршілер қарым-қатынасы туралы көріністер сахналанып, көпшілікке ой салды. Логикалық сұрақтар қойылып, оған семинарға қатысушылар белсенділікпен жа уап берді. Қазақстанның рекордтар кітабына енген Асел Сқақова да осы мектептің ата-анасы. Балапандарын қолдау үшін көрпеше-жастығын, қолынан шыққан небір дүниелерін ала келіп «Даналық мектебін» көркейтіп жіберген. Мұндай дүниені көзбен көріп, қолмен ұстап өскен баланың да қиялы бай, танымы кең болары анық.
Ұлттық құндылықты ұлықтайтын бұл көріністен кейін барлығымыз мек тептің спортзалына аяңдадық. Мұн дағы көрініс тіпті керемет. «Әкелер», «Ағалар», «Жеңгелер» сайысы ның қызығына баттық. Үш топқа бөлінген әкелі-балалар ләңгі теуіп жарысса, ағалар інілерімен бұрынғының ізімен асық ойнады. Ал әжелері мен жеңгелері бес асық ойнап сайысқа түсті. Барлығы дерлік ұлттық нақышта киінген. Әрбір кезең басталмас бұрын денешынықтыру пәнінің мұғалімдері ойынның тарихы мен ойналу барысы жөнінде тың мәліметтер беріп отырды. Одан соң семинар қонақтары мен сайысқа қатысушылар арасында «Алтын сақа» интеллектуалды ойыны өткізілді. Жоғарыдағы үш сайыс қорытындыланып, жеңімпаздарға марапат пен сыйлық табысталды.
Семинар соңында қатысушылар ісшараның өтілу барысы туралы пікірлерін білдірді. Алғашқы сөз облыс орта лығынан арнайы келген Фархат Досаевқа берілген-ді.
– Бұл ерекше тарихи күн десем артық айтқандық емес. Неге десеңіздер, біздің ұлттық құндылығымыз қазіргі таңда бала бойына берілмегеннен кейін, өзіміздің насихаттайтын дүниелерімізді ұмытып бара жатырмыз. Абайға әжесі, әкесі қандай тәрбие берді? Біз осы ата әжелерімізді қозғау арқылы бала бойына ұлттық құндылықты сіңіруіміз керек. Бүгінгі іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Тәлім аларлық дүниелер көп болды. Мұндай семинарды жалпы республикаға таныту қажет. Ұлттық ойын дарымыз дүниежүзі ойнайтын ойын дар қатарына еніп, жоғары деңгейге көтерілсін, – деді «Тәрбие, спорт қосымша білім беру орталығының» директоры Фархат Досаев.
Сондай-ақ семинардың құрметті қонақтары да жылы лебіздерін айтып, ризашылықтарын жеткізді. Ұлттық құндылықтың мектепке қайта оралып жатқанына қуанды. Қолға алған жаңа бастамаларға сәттілік тіледі.
– Есіктен енгеннен бастап мектеп емес, басқа әлемге кіргендей күй кеш тік. Көп дүниенің куәсі болдық. Еш жасандылық жоқ. Осыған көңілім толды. Ұлттық негізде тәрбие алған баланың келешегі жарқын болады. Қазір тәуелсіздігіміздің арқасында өшкеніміз жанып, өлгеніміз келіп жатыр. Біздің уақытта «асық», «ләңгі» ойнағандарды жазалап, линейкаға шығарушы еді. Ал қазір ұлттық ойынымыздың мектепке оралғаны – қуанышты жағдай. Өшкені жанды деген осы. Бүгінгі жоғары деңгейде өткен іс-шараны ұйымдастырған барша жанға аға ұрпақтың атынан алғысымыз шексіз. Сапалы білім, саналы тәрбие беруде шаршамаңыздар, – деген ел ағасы Асқар Мереков ақ батасын жаудырды.
Ал семинарды мектеп директоры Мәуегүл Ерғалиева былайша қорытын -дылады.
– Президентіміз қыркүйек айындағы Жолдауында «Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы» деп атап өткендей, биылғы оқу жылында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының тәрбиенің жаңа парадигмасының енгізілуінің бас ты мақсаты – жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Тәрбиенің басты жаңалығы да, құндылығы да осы. Биылдан бастап тәрбие сағаттары аптаның алғашқы күніне, алғашқы сабағына, «Төрт тоқсанға – төрт өнер», 9 айға 9 іс-шараның қойылуы бекер емес. Олардың басты құндылығы – талап, ар-ұят, ұлттық мүдде. Себебі санасында ұлттық құндылығы берік орналасқан бала биіктерді бағындырып, елін сүйер, ұлтын қадірлер тұлға болмақ. Біз ұрпақ тәрбиелеу жолында осы мүддеден шығу үшін әрі қарай да еңбектене береміз, – деді ол.
Бұл семинар өзгелерден ерек, қазақылықтың иісі аңқыған керемет ісшара болды. Қонақжайлық пен қазақы қалыпты, ұлттық құндылықты құрмет тұтқан ұжымның ауызбіршілігіне тәнті болдық. Дайындалған жұмыстың қатысушылар көңілінен шыққанын «түсіріп алайыншы, мектебіме апарып көрсетемін» деп ұялысына қайтақайта таспалаған мектеп директоры орынбасарларының сөзінен аңғардық. Бұл семинардан басшының біліктілігін, ұжымның ұйымшылдығын, ұстаздың жауапкершілігін анық байқадық. Атаанамен байланыс жақсы жүйеленген. Семинарға баласымен бірге қатысып, бақ сынаған, баласының қадамын қолдау үшін арнайы келген ата-ананың қарасы қалың болды. Мұнан бала өміріне бей-жай қарамайтын ата-ананы, қызметіне адалдық танытатын ұстазды, ұлттық мүддені алдыңғы орынға қоюды үйреніп келе жатқан ұрпақты көрдік. Тым әсіреледі демеңіз. Себебі бір ғана асықтың өзінен облыстық семинар дайындау оңай дүние емесіне көз жетті. Айта жүрер, есте қалар ерекше семинарды қатысушылар да қажетіне жаратары сөзсіз
А.Сәкенқызы


03 желтоқсан 2023 ж. 413 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 418

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 494

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930