» » Ақпараттың айқын көзі

Ақпараттың айқын көзі

qarmaqshy-tany.kz Баспасөзді халық өмірінің айнасы десек, әлем жаңалықтары мен елімізде болып жатқан оқиғаларды дер кезінде жариялауда ақпараттық агенттіктің орны ерекше. Бұл күнде газеттен гаджет озып тұр.
Заман ағымына бейімделіп «Қармақшы таңы» газетінің электронды сайты 2016 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Оның жаңа нұсқасы 2017 жылы қайта жасалды. Күнделікті сайтта жаңалықтар тұрақты түрде жарияланып отыр. Оның ішінде жергілікті ақпараттарға басымдық беріледі. Қазірде сайттың да тұрақты оқырмандары бар. Соның бірі аудандық обаға қарсы күрес бөлімшесінің аяжаны – Жақсыгүл Өмірәлиева.
– Бүгінде ақпараттық технология дамыды. Барлық керек дүниені қолда тұрған телефоннан табуға болады. Қазір ақпарат ағынының қарқыны қатты. Күнделікті өмірде болып жатқан кез келген жаңалықты дер кезінде телефоннан көріп отыратынымыз рас қой. Аудан жаңалықтарын үзбей оқу үшін газеттің әлеуметтік желідегі парақшаларына тіркелгенмін. Онда күн сайын әртүрлі тақырыптағы жаңалықтар шығып отырады. Сайтта оқырмандарға ой саларлық, алуан түрлі пікір тудыратын материалдар жетерлік. Ұлттық тарихымызға қатысты, мәдени, саяси тақырыпты қамтыған өзекті мақалаларды оқуға болады, – дейді оқырманымыз.

XXI ғасыр – гаджет ғасыры, бірақ біз күнделікті өмірде қаншама жалған ақпаратқа, бояма хабарламаға кезігіп жатамыз. Қайсысы шын, қайсысы өтірік, айыру қиын. Ал газеттің ақпараттық агенттік сайттары қашанда шынайы қалпын сақтап келеді.
– Шын айтсам спортқа көп мән беремін. Себебі ұлым Әлихан екі дүркін «Бала барысының» жеңімпазы. Баланың әр жеңісі ана үшін үлкен қуаныш. Сондықтан спорттың әр саласында өз чемпионы болғанына қуанып жатамын. Әлде де спортқа қаржылай жағына көбірек мән берсе деген аналық тілегім бар. Кейін кент көшелерінің тазалығы мен көркейгенін, жаңа ғимараттардың ашылғанын осы жерден көріп оқимын, – дейді Жақсыгүл Өмірәлиева.

03 желтоқсан 2023 ж. 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10336)

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (10335)

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (10334)

30 тамыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 368

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30