» » "Анаға тағзым" орталығында жақұт жырдан шашу шашылып, саф өнер салтанат құрған күн болды

"Анаға тағзым" орталығында жақұт жырдан шашу шашылып, саф өнер салтанат құрған күн болды


qarmaqshy-tany.kz Алашқа ана атанған Сыр еліндегі "Анаға тағзым" орталығы сұлулық пен ізгілікті бойына сіңіріп, тұтас еліміздің дамуына ұйытқы болар қазақтың анасы деген атқа лайық XXI ғасыр әйелінің қалыптасуына сеп болатын бірден-бір рухани-мәдени орталық.

Данагөй ұлы аналардың ізгі жолын дәріптей отырып, жас ұрпаққа, оның ішінде қыз балаларға рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбие беретін орталықта бүгін Қорқыт елі Қармақшының қырық қызы мен туған топырақтан түлеген Қармақшы қарлығаштары өнеге мен өсиетке толы тағылымды шара өткізіп, жақұт жырдан шашу шашып, саф өнердің Сыр бойындағы салтанатын жасады.

Шараға облыс әкімінің жанындағы әйелдер және отбасы демографиясы жөніндегі комиссиясының хатшысы Каримова Қаламқас Арыстанқызы мен аудан әкімінің орынбасары Смағұлов Самат Қыдырбекұлы қатысты. Комиссия хатшысы Қаламқас Арыстанқызы облыс әкімі аппаратының басшысы Байманов Шахмардан Асқарұлының арнайы алғыс хаттарын табыстады.

Аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы ұлттық құндылыққа толы орталыққа "Қорқыт елі Қармақшының 95 жылдығы" бейнеленген символикалық сый ұсынды. Өз кезегінде орталық басшысы Алтынай Молжанова көпшілікке алғаусыз алғыс білдіріп, бірқатар қармақшылықтарды марапаттады.

Аудан делегациясы орталықтағы «Береке» аспаздық студиясында қазақтың табақ тарту дәстүрін насихаттап, өзге ұлт өкілдерінің тағамдар көрмесімен бірге «Мирас» әжелер клубының, «Жас Отау» жас отбасылар клубы, «Ұлт жақұты» музейлік залы мен психолог-медиатор кабинеттерінің жұмыстарымен танысты. Ал креативті индустрия орталығында ертеректегі халқымыздың диірмен тарту, күбі пісу салттарын жаңғыртты.

Танымды шара соңы Қорқыт бабамызға мәңгілік мекен болған, "Жүз шайыр, мың палуан шыққан" қармақшылықтардың жыр шашуларына ұласты.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

25 қараша 2023 ж. 595 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 417
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930