» » «Анаға тағзым» орталығы қыркүйек айында пайдалануға беріледі

«Анаға тағзым» орталығы қыркүйек айында пайдалануға беріледі

2022 жылы қараша айында Қызылорда қаласында ұлттық бояуы заманауи үлгімен үйлескен мәдени-әлеуметтік нысан - «Анаға тағзым» орталығының құрылысы басталды. Адамзат баласы тіршіліктің түп қазығы анаға әрдайым қарыздар. Сондықтан жарық дүние сыйлаған жанға тағзым етеді, құрмет көрсетеді. Жаңа орталықтың жұмысы да Ұлы даланың ұлы аналарының киелі жолын дәріптеуді мақсат тұтпақ. Басты бағыты- жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру, отбасылық құндылықтарды ұғындыру, бүгінгі қазақ әйелінің рухани келбетін қалыптастыру.
Жоба «Парасат» орденінің иегері, кәсіпкер-меценат Марат Дүйсенбаевтың қаржылай қолдауымен іске асты. Алыстан көз тартатын көркем ғимаратты салуға 1,5 млрд.теңге жұмсалды.
Нысан биыл қыркүйек айында пайдалануға беріледі.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

31 тамыз 2023 ж. 767 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 884
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 541

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930