Тапсырма орындалуымен құнды
qarmaqshy-tany.kz Аймақ басшысы Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлыныңың төрағалығымен өткен мәжілісте берілген тапсырмалар негізінде бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының төрағалығымен тұрақты кеңес отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімі аппараты, кент және ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысты. Кеңес отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Жиынның күн тәртібіндегі негізгі мәселе аудан әкімінің тапсырмасының орындалуы туралы аудан әкімінің аппарат басшысы Ернар Бекенов хабарлады.
Аудан әкімінің төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісіндегі, тұрақты кеңестердегі берілген тапсырмалары бойынша хаттама дайындалып, орындалу барысын бақылау жұмыстары нәтижесінде 297 тапсырманың 261-і орындалған. 9 тапсырма мерзімінен кешіктіріліп орындалса, 24 тапсырма мерзіміне сәйкес орындалуда. Қалған 5 тапсырма бойынша тапсырма толық әрі мерзімінде орындалмаған.
Аудан басшысы тапсырманы өз уақытында орындамаған сала басшыларына, жүктелген міндеттерге салғырттық танытқан лауазымды тұлғаларға қатаң ескерту берді. Ал тапсырманың орындалуы бойынша шекті мерзім 5 желтоқсанға дейін екендігін айтты. Мұнымен қоса, кент және ауылдық округ әкімдеріне кент орталығы мен ауылдарда жүріп жатқан құрылыс нысандарының өз мерзімінде сапалы жүргізілуін бақылау бойынша күнделікті фотосурет пен бейнебаян арқылы хабарлап отыруды міндеттеді.
Отырыстың күн тәртібіндегі үшінші мәселе аудандағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары туралы кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Өмірзақов Біржан Мүтәлұлы кәсіпкерлік саласының көрсеткіштері мен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары, ағымдағы жылдың 10 айындағы макроэкономикалық көрсеткіштердің орыындалуы мен көрсеткіштері төмендеген ауылдық округтердегі атқарылған жұмыстар жайында баяндама жасады.
Жандос Еркінбекұлы кәсіпкерлік саласының жай-күйі жөніндегі баяндамадан соң төмен көрсеткіш көрсеткен ауыл әкімдеріне, сала бойынша орынбасарлары Ерқосаев Жұлдызхан мен Смағұлов Самат Қыдырбекұлына жетекшілік ететін салаларындағы аталған кемшіліктерді бақылауды күшейтуді тапсырды.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі