Сапалы білім ұлт діңгегі
qarmaqshy-tany.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» -деп баса айтқан болатын. Осы ретте аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы аудан орталығындағы бірнеше білім ошақтарын аралады.
Аудан басшысы әуелі Шоқан Уәлиханов атындағы №26 мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етілуімен, мектеп базасындағы интернаттың жұмысымен көрді. Сонымен қатар бітіруші сынып оқушыларының үлгерімін жақсартуды тапсырды. Одан кейін Ә. Егізбаев атындағы №121 мектеп пен С. Есқараев атындағы №27 мектептердегі «Жасыл мектеп» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Өткен жылы күрделі жөндеуден өткен №121 мектептің білім алушы оқушыларының көрмесін тамашалады.
Мұнан соң №250 мектеп-лицейінің базасында болып, мектептің жарқын жетістіктерін атап өтіп, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану жұмыстарына оң бағасын берді.
"Ел болашағының жарқын болуы білімді, жан-жақты тәрбие алған ұрпақтың қолында. Келер келешегіміздің келісті келбетін қалыптастыру олардың сапалы білім алуларына байланысты. Бәсекеге қабілетті өскелең буынды тәрбиелеу жолында әрбір мұғалім жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасын сапалы іске асыруы тиіс. Себебі сапалы білім ұлт діңгегі болып саналады"-деді Жандос Еркінбекұлы білім беру саласы басшыларына.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі