» » «Кәусар kids» қуантуға дайын

«Кәусар kids» қуантуға дайын

qarmaqshy-tany.kz Ауыл баласы үшін қаланың тірлігі тым ғажап сықылды көрінеді өзіме. Өйткені, ойын баласы үшін қаланың әрбір жерінде балаларға арналған орталықтардың саны шексіз-ау, сірә? Ауылда көрмеген ойын алаңдары мен орталықтар немесе көздің жауын алар ойыншықтар ауыл баласын еріксіз баурайды емес пе?
Жазғы демалысында қала көріп келген ауыл баласының аузында «Мегаға бардым» деген жарқын дауыспен шыққан сөзін міндетті түрде еститінбіз. Рас, шынтуайтында солай. Бұл біздің айтпақ ойымыздың бір бөлшегі ғана. Ал, осындай балаларға арналған ойын орталықтарын аудан орталығында, тіпті ауылдарда да шап-шағын қылып неге ашып қоймасқа деген ой да келетін. Соңғы жылдары ауданда оң өзгерістер көп-ақ. Осыдан біршама жыл бұрын біз қалағандай балаларға арналған ойын-сауық орталығы ашылған болатын. Енді оның қатары тағы бір орталықпен толығып, кент тұрғындарын қуанышқа бөлеуде.
Жақында кент орталығынан «Кәусар» балалар ойын-сауық орталығы халыққа қызмет көрсетуді бастап кетті. Балаларды қуанышқа бөлейтін бұл мекен «Керемет» сауда үйінің екінші қабатында орналасқан. Орталық иесі – жеке кәсіпкер Азиза Ташимбетова. Кәсіпкер бұл нысанды өз қаражаты есебінен ашқан.
– Мұндай орталық ашу – көптен бері ойымда жүрген істің бірі еді. Сәті енді келіп жатыр. Біздің өміріміздің сәні де, мәні де балалар емес пе? Өзім де бала тәрбиелеп отырған анамын. Қазіргі технология қарыштап дамыған заманда балалар телефонға әбден үйреніп алды. Жасқа толмаған балақайдың да осы қалтафонға қол созатыны жасырын емес. Осындайда баламыздың көңілін аулайтын дүние іздеп кетеміз. Бұл орталықта балалар қауіпсіз жағдайда уақытын сапалы, ең бастысы телефонсыз өткізуге болады. Балалармен бірге ата-аналары да сергіп қалсын деген ниетпен арнайы тамақтанатын орын қызметін де қосып отырмыз. Алдағы уақытта түрлі жеңілдіктер мен сыйлықтар болмақ, – дейді кәсіп иесі.
Ойын-сауық орталығында балалардың уақытын қызықты да көңілді өткізуіне арналған батутты аймақ, лабиринттер, ойын комплекстері мен әткеншектер, сырғанақ, өрмелеуіш, магнитті және бормен жазуға арналған тақта сынды заманауи үлгідегі ойын құрылғылары бар. Орталық іші жарық, әрі таза. Отбасылық демалыс үшін тамақтану қызметі де қарас тырылған.
Ал аудан тұрғындары бұл игі іске дән риза. Кент тұрғындарының темір жол өткеліне байланысты «арғы бет», «бергі бет» деп бөлінетіні бар. Осыған сай бергі беттің тұрғындары үшін бұл орталық орналасуы жағынан екі есе қуаныш сыйлады.
- Қала орталығында мұндай демалыс орындары жетерлік. Енді өзімізде де мұндай орындардың қа тары көбейіп, қуанып жатырмыз. Орталықта жаңаша ойын құрылғылары бар екен. Қыздарым кіре сала жүздері бал-бұл жайнап ойынға қойып кетті. Бізге олардың қуанышын көруден артық қандай бақыт керек? Мұнда жайлылық пен қауіпсіздікке, тазалыққа басымдық беріліпті. Қазір, шүкір, сананы тұрмыс билеген уақыттан алыстап келеміз. Бірақ кейде жұмыс та шаршатады. Осындайда баламызға да, өзімізге де бір сәт демалыс сыйлайтын осындай орындардың болғаны жақсы, – дейді кент тұрғыны П.Сағымбаева.
Орталықтың қызметі тұр ғындар үшін қолжетімді. Балаларға арналған ойын орталығының ата-аналарға арналған тиімді жобалары да көп болғалы тұр. Себебі бәсеке бар жерде сапа бар. Бастысы, болашағымызға балайтын балапандардың көңілі шат болсын.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
14 қазан 2023 ж. 373 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (10336)

07 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 586

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30