» » Балалар ойын-сауық орталығы ашылды

Балалар ойын-сауық орталығы ашылды

qarmaqshy-tany.kz Төретам кентінің орталығынан «Балалар жылы» аясында «ALI KIDS PARK» балалар ойын-сауық орталығы ашылды.

Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қ.Нұртай, кент әкімі Ғ.Елеусінов, кент ақсақалдары және кәсіпкерлер қатысып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған кәсіпкердің жұмысына сәттілік пен табыс тіледі.
Іс-шарада ақсақалдар өз батасын беріп, жаңа нысанның салтанатты түрде лентасы қиылды. Құрметті қонақтар ойын-сауық орталығының ішін аралап көрді.
Балалардың ойын-сауық орталығын ашып, оларға қуаныш сыйлап отырған жеке кәсіпкер – Аман Байдуллаұлы. Ол бүгінде 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Орталықта 150 орынға арналған дәмханамен, 1-7 жасқа дейінгі балаларға арналған ойын алаңы мен арнайы намазхана бөлмесі бар.
«ALI KIDS PARK» балалар әлемінде бүлдіршіндердің мерекелік кештері мен туған күндерін атап өтуіне болады.
"Қт" ақпарат
25 желтоқсан 2022 ж. 1 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 799
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 086

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930