» » БҮЛДІРШІНДЕРГЕ МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

БҮЛДІРШІНДЕРГЕ МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

    16 наурызда Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметкерлері ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға мерекелік концерт қойды.    Шараға «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының 45 бүлдіршіні қатысты.
    Шара облыс орталығындағы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінде бастау алды. Онда балаларға арналып наурыз көже қойылған ақ дастархан жайылды. Ювеналды полиция бөлімшесі қызметкерлерінің балалары өз өнерлерін көрсетіп, ән шашуларын арнады. Атап айтқанда, «Мұрагер» мектебінің 3-сынып оқушысы Маратов Мақсат «Қазағым» әнін орындап, көрермен көңілінен шықса, №198 орта мектептің 5-сынып оқушысы Ардаққызы Нұрай қазақ биін орындап, көрермендерін тәнті етті.
    Көңілді шара «Жібек жолы» ойын-сауық кешенінде жалғасын тапты. Полиция қызметкерлері балаларды «Ботақан» ойын-сауық кешеніндегі аттракциондарға ойнатып, соңынан кинотеатрға апарды. Бүлдіршіндер қазіргі таңда сұранысқа ие режиссерлер Питер Лепениотис пен Шелли Шенойдың туындысы «Гномы в доме» мультфильмін тамашалады. Мұнан кейін балаларға түрлі тәттілер таратылды.
    Айрықша атап өтер жайт, «Жібек жолы» ойын-сауық сауда орталығының басшылығы (атап айтқанда кинотеатр және «Ботақан» бүлдіршіндер ойын алаңының ұжымы) қайырымдылық шарасына үлес қосып, балалардың барлық қызмет түрлерін тегін пайдалануға мүмкіндік жасады.
    Жүздері қуаныштан бал-бұл жанған балақайлар мол әсер алғандарын жеткізіп, осындай жақсы көңіл-күй сыйлаған полицей аға-әпкелеріне ризашылықтарын білдіріп жатты.
    Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

17 наурыз 2018 ж. 1 355 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 438
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 237

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930