» » «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Қызылорда ОПД-нің нұсқауына сәйкес, 2021 жылдың 24-27 желтоқсан күндері аудан көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға полиция бөлімімен бірлесіп, прокуратура өкілдері, мектеп мұғалімдері, медицина саласы және жастар ресурстық орталығы қызметкерлеріде рейдтік іс-шараға жұмылдырылды.
Шараның мақсаты – кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта жүруін болдырмау, қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу және жасөспірімдердің құқықтарының бұзылмауын қадағалау. Рейдтік шара барысында жасөспірімдердің жиналатын орындары, ойын-сауық кешендері, дүкендер мен көңіл көтеретін орындардың аумақтары араланды.
Жұмыстар жүргізілу барысында Жосалы кентінде орналасқан ойын-сауық орталықтарында сағат 22:00-ден кейін жүрген жасөспірімдер анықталып, ойын-сауық орталығында болуына жол бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабымен ойын-сауық орындарының иелеріне әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылса, ал жасөспірімдердің заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 1 бөлігімен кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін әкімшілік хаттамалары толтырылды.
Елімізде заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден кейін компьютерлік клубтарда, ойын-сауық орындарында болуға және 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған.

Қармақшы АПб ЖПҚб

29 желтоқсан 2021 ж. 1 823 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 223
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 777

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930