» » "Баланы бей-берекет жібермеңіз". Рейдтік іс-шара жалғасуда

"Баланы бей-берекет жібермеңіз". Рейдтік іс-шара жалғасуда

Жаз маусымы басталып, оқушылар мен студенттер демалысқа шыққан уақыттарында жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің жұмысы екі есе көбейеді.
Ағымдағы жылдың 17-20 маусым аралығында өткізіліп отырған «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Рейдтік шарада полиция қызметкерлерімен бірге аудандық Жастар ресурстық орталығының қызметкері Ө.Бижановпен кент орталығындағы барлық ойын-сауық орындарды аралап, кәсіп иелерімен сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарына жасы кәмелетке толмағандардың болуына тыйым салынғанына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп дана халқымыз айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасап отырса, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың азаяры сөзсіз.
Құрметті ата-аналар! Баланың бей-берекет түнгі мезгілде көшеде болмауына қадағалау жасауларыңызды сұраймыз.

Аудандық полиция бөлімі
19 маусым 2021 ж. 968 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 988
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031