» » Күміс алқалы ана

Күміс алқалы ана

qarmaqshy-tany.kz Гүлдана Әбдіғаниқызы 1981 жылы Арал ауданына қарасты Аралқұм ауылында туған. №61 орта мектепті бітірген ол 2002 жылы болашақ жарын кездестіреді. Екі жас арадағы таныстықтан соң көп ұзамай, шаңырақ көтеруге шешім қабылдайды. Сөйтіп, Төретам кентінде Садықовтар әулетіне ақ келін түсіп, ағайын-туыс мәресәре болады.
– Отағасым Ұзақбай Әлдебайұлымен менің ауылыма келгенде таныстық. Сол таныстығымыз терең бойлап, сезімге ұласты. Қазақы дәстүрмен сөз салды. Кейіннен отбасыма құда жіберіліп, ұзатылу, үйлену тойымыздың күні белгіленді. Содан бері бірге келеміз. Келін болып ақ босаға аттағанымда отбасында ата-енем, қайынінім мен қайынсіңлілерім болды. Қарашаңырақта сегіз жыл тату-тәтті тұрдық. Алғашында бала сүйе алмай жүрдік. Бірақ «Алланың беремін десе, баласы көп» дегендей, ұл-қыздарымыз бірінен соң бірі өмірге келіп жатты. 2010 жылы атамыздың батасымен еншімізді алып бөлек шықтық, – дейді бүгінде жеті баланың анасы атанып, Күміс алқа таққан Гүлдана.
Жанұяның мұнан соңғы тарихына үңілсек, үбірлішүбірлі ұл-қыздар дүниеге келе бастаған. 2006 жылы өмір есігін ашқан Айсара қазір Қызылордадағы «Орда» жоғары колледжінің 3 курс студенті. «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығына түскен. Айдос 9 сынып, Елдос 7 сынып, Нұрсұлтан 5 сынып, Нұрасыл 3 сынып оқушылары. Кенттегі №85 мектептің шәкірттері. Айзере балабақша тәрбиеленушісі болса, Алинұр 1 жаста.
Садықовтар жанұясында әкенің рөлі жоғары тұрады. Ол әу бастан солай қалыптасқан. Әсіресе, ер балаларды өмірге лайықты етіп тәрбиелеу – отбасының мызғымас ұстанымы.
– Мен бақытты әкемін. Отанамыз үй шаруасымен айналысса, қыздарым анасына бәйек болып көмектеседі. Ал ұл баланы ер мінезді етіп өсіру – кез келген әкенің арманы деп ойлаймын. Біздің үйдің ұл балалары да спортпен тұрақты түрде айналысады. Зіл темір көтеруден Елдосымыз облыстық, аудандық жарыстардың жеңімпазы. Басқаларының да жүлдесі бар, – дейді жүргізуші болып жұмыс істейтін отбасының қамқор әкесі Ұзақбай Садықов.
Күміс алқалы ана тұрмыс құрғалы жұмыс істемегенін және әйел үшін отбасынан артық ештеңе жоқ екенін күлімдей жеткізеді. Баланы бақытына санаған ол жан жарының жағдайын жасау, жанұяның берекесін келтіріп, мерекесін арттыру – басты қызметім деп есептейді. «Жұмыссыз отырғаныма өкінген емеспін. Себебі, үйдің де шаруасы жетіп артылады. Балалардың сабағын оқытамын, үйірмеге баруын қадағалаймын. Үлкен отбасы болғасын олардың ас-суы бар, қонақ күту секілді жұмыстарды бар ынтаммен атқарамын» дейді жанұя ұйытқысы.
– Бос уақыт болып жатса, көрпе көктеп, іс қыламын. Қысқа әзірлік ретінде жүн шұлық тоқимын. Жалпы тігу мен тоқуды жаным қалайды. Салауатты өмір салтын ұстанамыз. Қыздарым – көмекшілерім. Ұлдарымыз – ер бала болған соң әкесінің жанынан табылады. Үйде ұйымшылмыз. Не нәрсені де бәріміз бірге атқарамыз. Қолымыз қалт етсе, ата-әжеміздің қасында болғанды жақсы көреміз. Сол кісілердің және отбасының басқа да мүшелерінің қызыққуанышын бөлісіп жүреміз. Сый-құрмет көрсетеміз. Оның өзі қандай керемет. Туған күн, отбасылық және ұлттық мерекеміз Ұлыстың ұлы күнін атап өту қалыпқа айналған. Тұрақты түрде атап өтеміз. Бақытты отбасы дегеніміз – татулық пен ауызбірлік болса керек. Үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болу, ұйымшылдық таныту. Әулет болып басымызды жиі қосуға тырысамыз. Өйткені одан жас ұрпақтың алар тәлімі өте мол. Дастарқан басында қариялардың есті әңгімесін тыңдап өскен бала ешқашан жаманшылыққа бармайды, – дейді төретамдық батыр ана сөзін қорыта келе.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
10 қазан 2023 ж. 487 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 297

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930