» » Жаңашыл жас ұстаз

Жаңашыл жас ұстаз

qarmaqshy-tany.kz Бүгінде Instagram, You tube, Tik-tok секілді әлеуметтік желі мен платформаларда жеке блог жүргізу трендтен қалмайды. Онда түрлі салада еңбек етіп жүрген дәрігер, мұғалім секілді мамандар бар. Олар өзінің жеке өмірінен бөлек жұмысын көрсету арқылы өзгеге пайдалы болып жүр. Осы орайда ұлағатты ұстаздар да дәстүрлі форматты қойып, шәкірттерін танымал желі арқылы тәрбиелеуде. Солардың бірі – Мақпал Жайлашева.
Ол №85 орта мектептің түлегі. Мектепті бітірген соң Жезқазған гуманитарлық колледжінде бастауыш сынып мұғалімі мамандығын үздік дипломға бітіреді. Жас маман Төретам кентіндегі №80 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі болып орналасады. Аталған мектепте күні бүгінге дейін еңбек етіп келеді.
Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу әдістемесінің мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуын, шығармашылық ізденістерін қажет етеді. Сондықтан оқушылардың белсенділігі мен танымдық ісәрекеті арқылы оқушылар шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлға дайындау, осыған орай оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып білім беру мұғалімнің басты міндеті болып отыр. Соның ішінде сандық технология қазіргі ұрпаққа қажет екенін жоққа шығаруға болмайды. Бүгінгі ұрпақтың көп бөлігі уақытын телефонмен өткізеді. Сол үшін мұғалімдер соған адаптация жасап, пайдалы ақпарат бере бастағаны дұрыс. Оқушыларға пайдалы болатын дүниені кеңінен таратып, насихаттау керек.
– Ұстаздық қылу оңай емес. Алайда маған мұғалім болу бақыты бұйырған екен. Жүрегіммен осы мамандықты жақсы көремін. Кейде түрлі адамдар тарапынан сөздер де естіп жатамыз, сырттай әңгіме де көп. Бірақ кім не айтса да өз ойымнан тайған емеспін. Қайта ілгерілей түсемін. Себебі мен өз жұмысыма берілген жанмын. Өмірімді балаларға арнағанмын. Сол үшін қазіргі заман талабына сай әлеуметтік желіні тұрақты жүргізудемін. Ондағы бірінші мақсатым – оқушыларыма естелік болып қалуы. Ертең есейгенде осы парақшадан өздерін көріп, көңілдері көтеріліп, өткенге көз жүгіртіп, ұстаздарын еске алып жүрсін деген ойым болды. Екіншіден, жас мамандарға пайдалы болу. Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдерімді өз игіліктеріне пайдаланғанын қаладым. Ең алдымен, балаға қызық, оның дүниетанымы мен әлемді тануға деген ниетін оятатын заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану қажет. Кейде әлеуметтік желіде менің жекеме шығып әдістеріңізбен бөлісіңізші деп жазып жатады. Мұндай сәтте қуана келісемін, – дейді ол.

Қазірде ұстаздар, әсіресе жас мамандар осы болмысы бөлек жаңа ұрпақты білімге қызықтыру мақсатында әлеужелімен дос болып, жұлдыз болудан тартынбайды.
– Бүгінде оқушылар мен атааналардың дені Tik-tok-та отырады. Әрине, оқушылармен көзбекөз отырып сабақ берген тиімді. Дегенмен әлеуметтік желіні білім беруді насихаттауда оңынан қолдануға болады. Сол себепті онлайнды да, оффлайнды да қатар алып жүрген әлдеқайда тиімді, – дейді жас ұстаз.

«Білім негізі – бастауышта». Иә, кез келген нәрсенің кірпіші дұрыс қаланбаған болса, оның болашағы бұлыңғыр болады. Оқушы үшін бұл өте маңызды кезең. Сондықтан да бала қолына алғаш әліппе ұстатып, әріп танытатын бастауыш сынып мұғалімі жан-жақты болуы тиіс. Ал тәжірибесі толысқан мұғалім Мақпал Болатқызының тәрбиелеген шәкірттер жеңістің қиясынан көрініп жүр. Осыған дейін үш бірдей сыныптың бастауышта білімін қатайтып, жоғары сыныпқа жолдаған. Ал қазір 2 сыныпқа қадам басып, 23 оқушыға білім нәрін себуде. Кейіпкеріміз мұғалімдік қызметінен бөлек шаңырақта келін, балаларының сүйікті анасы. Жолдасы Рамазан – жеке кәсіпкер. Бүгінде екеуі Айсұлтан, Әлисұлтан есімді қос батырды тәрбиелеп отыр.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
04 қазан 2023 ж. 595 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031