» » Ұстаздар қауымымен кездесу болып өтті

Ұстаздар қауымымен кездесу болып өтті

Ұстаз – мектептің, қоғамның, ұлттың адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Бүгін аудандық білім бөлімі және кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен ардагерлер және білім саласының дамуына өз үлестерін қосып еселі еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымымен кездесу болып өтті.
Облыстық кәсіподак комитетінің ұйымдастыруымен жылма –жыл бітіруші түлектердің «Алтын белгі» алған оқушылардың бастауыш сынып ұстаздарына жолдама табыс етіліп келеді. Биылғы оқу жылы бойынша ауданымызда 30 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. Осы оқушылардың 22 бастауыш сыныптағы ұстаздары бар. "Алтын белгі" иегерлерінің бастауыш сыныптағы ұстаздарына Түркістан облысындағы «Біркөлік» шипажайына сонымен қатар біршама ардагерлерге де "Таң нұры" шипажайына жолдамалар табыс етілді. Ұстаздарымызды құттықтай отырып алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз.
11 қазан 2022 ж. 790 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930