» » Байқоңырдың сыбағасы

Байқоңырдың сыбағасы

qarmaqshy-tany.kz Өткен сенбіде аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің күз мезгіліндегі жәрмеңкесі өтті. Қармақшылық диқандар жәрмеңкеге 39 жүк көлігіне тиелген 116,7 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелді. Табиғи таза қоспасы жоқ өнімдер қала тұрғындарына арзан бағамен ұсынылды.
Байқоңырлықтар үшін күзгі жәрмеңкенің орны бөлек. Сондықтан болар, азанмен ерте орталыққа ағылған қала тұрғындарының қарасы қалың болды. Елден ат арытып шыққан диқандар қауымы сөреге өнімнің әр түрін қойды. Атап айтқанда, 4 тонна күріш, 25,5 тонна көкөніс, 73 тонна бақша өнімдері, 1,2 тоннадай ет пен балық, 2 тонна күріш жармасы, 700 дана жоңышқа мен 200 дана пішен пресс сатуға шығарылды.
Бұл жәрмеңке әлеуметтік маңызды азықтүлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылды. Сондықтан ондағы өнім бағасы реттелген. Жәрмеңкеде сатып алушылар ауыл халқының адал еңбегімен тапқан өнімдерінің қолжетімді бағаға саудаланып отырғанына риза. Экологиялық таза өнімнің сапасы әрқашан да жоғары болары сөзсіз дейді олар.
Қала тұрғыны Кенжебек Мәжитұлы да елмен бірге осында келген. Таң қылау бере бар тірлігін бітіріп, жәрмеңкеге тура тартқан тұрғындардың бірі. Ол елге ұсынылған өнім бағасына да, сапасына да көңілі толатынын жеткізді.
– Қазір базарда күнделікті тұтынатын барлық затың қымбат. Соның ішінде азықтүліктің арзан болғанын қалайсың. Осындайда ауданның жиі ұйымдастыратын жәрмеңкесін асыға күтемін. Базар бағасынан сәл болса да арзан. Бағасынан бөлек ет, балық, сүттен жасалған таза ауылдың табиғи өнімдері келеді. Қазір барлық жерде Сырдың күрішіне сұраныс жоғары. Базарды бақыласаңыз, Сыр маржанын сатып алушылар көп. Одан бөлек, байқоңырлықтар қауын, қарбызды жақсы көреді. Қуаңдарияның балығын да сағынып қаламыз. Осылай халық үніне құлақ асып, жиі жәрмеңке ұйымдастырып, елдің жағдайына қарайласса, тұрғындардың да айтар алғысы шексіз болады,– дейді ол.

Ауданның байқоңырлықтарға ұйымдастырған сыбаға жәрмеңкесі қала тұрғындарына түске дейін қызмет көрсетті. Күздің берекелі де сапалы өнімі әлі де елге ұсынылатын болады.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
03 қазан 2023 ж. 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 424
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 231

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930