» » 250 тонна өнім саудаланды

250 тонна өнім саудаланды

Өткен сенбіде Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болды. ­Оған 7 аудан мен қаладағы шаруалар 250 тонна өнімін апарып, нарық бағасынан арзан сатты.
Жәрмеңкеге біздің ауданнан 16 автокөлікке тиелген 22 тонна өнім жеткізілді. Оның ішінде Қармақшы ауылдық округі сүт өнімдерін, шұбаты мен айранын, құрты мен ірімшігін және қой, ешкі апарды. Жосалы ауылдық округі балық, Иіркөл ауылы күріш, Дүр Оңғар ауы­лы күріш пен мал азығы өнімдерін ұсынса, ІІІ Интернационал ауылдық округі жоңышқа пресс, Ақтөбе ауылы қой еті, Ақжар ауылы күріш, сүт өнімдерін саудалады. Тұрмағамбет ауылы күріш, макарон, сүт өнімдерін апарса, Қуаңдария, Т.Көмекбаев ауылдары балығымен қала тұрғындарын қарық қылды. Төретам кенті шұжық пен ет өнімдерін арзан бағамен тұрғындарға тарту етті.
– Көктем басталғалы Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі екінші рет өткізіліп отыр. Бастысы, табиғи таза өнім. Сондықтан сұраныс жоғары. Шаруалар өз өнімдерін еш делдалсыз саудалады. Күріш, ет, балық және сүт өнімінің барлық түрлері мен мал азығы (жоңышқа пресс, күріш қалдығы т.б) әкелінді. Жәрмеңкеге кәсіпкерлер де үлес қосты. Ауданымыздың ірі шаруашылықтары мен кәсіпкерлері өнімдерін өз бағаларында халыққа ұсынды, – деді аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Әсет Тұрмаханұлы.

«Қт» ақпарат
06 сәуір 2021 ж. 978 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 351
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930