» » Қармақшы ауданы әкімі жеке қабылдау жүргізді

Қармақшы ауданы әкімі жеке қабылдау жүргізді


qarmaqshy-tany.kz Аудан басшысы Жандос Еркінбекұлының жеке қабылдауына жазылған аудан тұрғындары кезектілік тәртібімен аудан әкіміне өз мәселелерін жеткізді.

Жеке қабылдауда болған 6 тұрғынның басым бөлігі тұрғын үй, жұмыспен қамту, көшеге асфальт төсеу және жарықтандыру мәселелерін алға тартты.

Азаматтар көтерген мәселелерді сала мамандарымен зерделеп, заң шеңберінде шешу жолдарын қарастырылатын болады.

Қабылдауда болған 80 жастағы қарт ана Бодыбаева Ұлболсынның мәселесін назарға алған аудан әкімі шұғыл тапсырмалар беріп, көшені асфальттау мен жарықтандыру мәселесін өз көзімен көруге аталмыз көшеге барып мән-жаймен танысатындығын айтты.

Жандос Еркінбекұлы алдағы уақытта кент орталығындағы иесіз тұрған үйлерді мемлекетке қайтарып, жөндеу жүргізу және оны заң талаптарына сәйкес мұқтаж отбасыларына табыстау туралы тапсырмалар берді.

Аудан тұрғындары аудан әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish базасы арқылы немесе әкімдікке жазбаша өтініш тастау арқылы жазылатындығын ескертеміз.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

01 қазан 2023 ж. 451 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 595
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031