» » Облыс әкімі кезек тәртібімен тұрған 21 тұрғынның мәселесін қарады

Облыс әкімі кезек тәртібімен тұрған 21 тұрғынның мәселесін қарады


Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова кезектілік тәртібімен азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдады. Облыс әкімінің жеке қабылдауында 21 азаматтың өтініші қаралды. Басым бөлігі – мүгедектігі бар азаматтар.
Тұрғындардың мәселелерін зерделеу үшін жиынға жауапты басқарма басшылары, онлайн режимде Қызылорда қаласы мен бірқатар аудан әкімдері қатысты.
Азаматтардың негізгі сауалдарының бағыты әлеуметтік мәселелерден туындайды. Мәселен, 13 сұрақ тұрғын үй кезегіне тұру, 2 сауал денсаулық, 2 сұрақ мәдениет саласына бағытталды. Сондай-ақ, су шаруашылығы, ономастика және әлеуметтік мәселелер де қаралды.
Аймақ басшысы тұрғын үйлерді табыстау бағытында Сыр елінде баспананы пәтерлеп емес, мөлтек аудан ретінде табыстау жолға қойылғанын айтып, кезектілік ретімен баспана берілетінін жеткізді. Биыл 1000-нан астам үй табыстау жоспарда тұрғанын еске салды. Сонымен қатар әрбір көтерілген мәселелерді саралай келе жауапты сала басшыларына тапсырма беріп, заң аясында жұмыс жасау қажет екенін айтты.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

27 наурыз 2022 ж. 737 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 799
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 086

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930