» » Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Қызылордада облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Облыс әкімінің бүгінгі қабылдауына 40 жуық азамат келді. Тұрғындар жолдаған сауалдың басым бөлігі тұрғын үй, әлеуметтік көмек, жұмыссыздық, денсаулық, білім салаларына қатысты болды, деп жазады Kyzylorda-news.kz.
Тұрғын үй кезегіне тіркелмей, баспана сұрап келген азаматтарға кезекке тұру заңдылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, Қ.Ысқақов жұмысқа орналасу мәселесі бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысына жұмыссыз азаматтарды тіркеп, тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды.
Қабылдауға облыс әкімінің гранты бойынша білім алып жатқан жастар да келді.Олардың бірі - Ақжайық Тәжі. Анасы Баян Жайбергенова аймақ басшысына алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Ақжайық Тәжі қазір Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің педагогика психология мамандығы бойынша білім алуда. Аймақ басшысы грант иегерлерін алдағы уақытта жұмыспен қамту мәселесі де назарында болатынын айтып, Тәжі Ақжайыққа оқуын жақсы бітіріп, білікті маман болуына тілектестігін жеткізді.
«Соңғы үш жыл ішінде облыстағы мектеп түлектерінің 98 пайызы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарына түсуде. 500-ден аса жеткіншек Ресей Федерациясы Үкіметінің гранты есебінен Ресейдің жетекші техникалық жоғарғы оқу орындарында білім алуда», - делінген облыс әкімі баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.
12 желтоқсан 2019 ж. 966 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 051
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031