» » Жалпыреспубликалық азаматтарды қабылдау күні ұйымдастырылды

Жалпыреспубликалық азаматтарды қабылдау күні ұйымдастырылды

Облыстық әкімдікте жалпыреспубликалық азаматтарды қабылдау күні шеңберінде қоғамдық қабылдау өткізілді. Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов пен облыс әкімінің орынбасарлары, қала әкімінің міндетін атқарушы Бектас Нуридинов және басқарма басшылары жеке және заңды тұлғаларды мәселелері бойынша қабылдады.

Азаматтардың көтерген негізгі мәселелері тұрғын үй, жер кезегі, әлеуметтік сала, қайырымдылық көмек пен жұмыспен қамтуға қатысты болды. Бүгінгі қабылдауға облыс бойынша  689  адам  келді.
Тұрғындардың  көтерілген мәселесі мен  өтініштері тек заң аясында шешімін табатын болады.
Айталық, Қызылорда қаласы, Қарауылтөбе ауылының тұрғыны Г. Оразбекова Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқитын қызының оқу ақысын төлеу жөнінде көмек беруді  сұрады. Аймақ басшысы аталған мәселе арнайы кәсіпкерлердің демеушілігімен шешлетіндігін атап,  толық 1 жылдық оқу ақысы төленеді,- деді.
 "Кәсіпкер келбеті" газетінің құрылтайшысы Жүзбай Таңрықбаев аймақтан жарық көріп отырған басылымға қолдау білдіріп, тираж санын көбейтсек деген тілегін жеткізді. Облыс әкімі Қ.Ысқақов басылымда қызмет етуші редактор жас журналисттердің де барын ескеріп, демеушілер көмегімен газет тиражын көбейтуге тапсырма берді.
 Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылының тұрғыны  Мейрамбек Қабетенов, Ұлы отан соғысының ардагері, ғасыр куәгері, әкесі Жүніс Қабетеновтің атына көше атын беру мәселесімен келген. Ономастикалық комиссия шешімімен, алдағы уақытта соғыс ардагеріне көше атауы береледі,- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.    
22 қараша 2019 ж. 773 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 056
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031