» » Қармақшы ауданы әкімі тұрғындарды жеке қабылдау өткізді

Қармақшы ауданы әкімі тұрғындарды жеке қабылдау өткізді


qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы қабылдауға жазылған азаматтарды кезектілік тәртібімен қабылдап, тұрғындардың көкейіндегі мәселелерді, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жеке қабылдауға 16 адам келді.

Қабылдауға келген аудан тұрғындарының басым бөлігі тұрғын үй алу мен тұрғын үй кезегіне тұру, жұмысқа орналасу және инфрақұрылым тарту мәселелерін көтерді.

Аудан әкімі азаматтардың мәселелері жіті зерттелетінін, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді. Кейбір сұрақтар бойынша жауапты тұлғалар заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды.

Аудан басшысы қабылдауда болған мүгедектігі бар тұрғынның жеке тұрғын үйін жөндеуге байланысты көмек сұраған азаматтың мәселесін қарастырып, жан-жақты шешу жұмыстарына 10 күн ішінде ұсыныс әзірлеуді құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ербол Исаевқа тапсырды.

Ал көшесіне газ тартылмаған "Мөлтек" ықшам ауданы тұрғынының өтініші бойынша Жосалы кентін газдандыру жұмыстары 2019-2021 жылдар аралығында атқарылғандығын, дегенмен газдандыру барысында 200-ге жуық тұрғын үй жобадан тыс қалып, қазіргі таңда жаңа жоба әзірлеу және аудандық бюджеттен тиісті қаржы бөлдіру бағытындағы жұмыстар атқарылуда екендігін айтты.

Аудан тұрғындары әкімнің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш жазып, қабылдауға кіре алатындығын хабарлаймыз.

©️Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

19 тамыз 2023 ж. 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 371
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930