Қармақшы ауданына 95 жыл: Кент орталығындағы құрылыс жұмыстарының қарқыны
qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы кент орталығындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, көшелерді абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Еске салсақ, биылғы жылы ауданда 50 жалдамалы тұрғын үйлердің құрылысы басталған болатын. Тұрғын үйлердің құрылысымен танысқан аудан басшысы аталмыш нысандарды қазан айының аяғына дейін пайдалануға беру туралы тапсырма берді.
Мұнан соң аудан әкімі қыркүйек айында құрылыс жұмыстары басталған Тәуекелов көшесін абаттандыру жұмыстарын бақылады. Аудан әкімінің тоқсандық есепті кездесулерінде Б.Момышұлы көшесі бойынша кент тұрғындары көтерген мәселелерге сәйкес аталған көшеге барып, екі жұмыс аптасы аралығында стандарттық талаптарға сәйкес қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Абаттандырылған көшелер мен құрылысы аяқталуға жақын тұрғын үйлер жақында аталып өтілетін ауданның 95 жылдығына тарту етілмек.
Мұнан бөлек Жандос Еркінбекұлы Рысқұлов көшесін абаттандыру бойынша жоба-сметалық құжаттамаларын дайындауды тиісті сала мамандарына жүктеді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі