«Жер аманаты» аймақтық комиссиясының көшпелі отырысы Қармақшы ауданында өтті
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Үкіметтің кеңейтілген отырысында бос жатқан жайылым жерді қайтаруды және оларды ауыл тұрғындарына қолжетімді етуді тапсырған болатын. Бұл бағытта «AMANAT» партиясының бастамасымен былтырдан бері «Жер аманаты» жобасы қолға алынып, комиссияның жұмысының нәтижесінде бүгінде мемлекет меншігіне аймақ бойынша 332 315 гектар жер қайтарылды. (2022 ж. – 157 113 га, 2023 ж. – 175 202 га.).
Бүгін аймақтық комиссияның көшпелі отырысы Қармақшы ауданында өтіп, онда жобаның іске асырылуы мен жұмысты тиімді ұйымдастырудың жолдары талқыланды.
Облыс бойынша жыл соңына дейін қайтару көзделген 200 мың гектар жердің бүгінгі күнге 175 202 гектары қайтарылып, жоспар 87,6% орындалды. Оның ішінде Қармақшы ауданы бойынша жоспар 61,4% атқарылған.
Көшпелі отырыс барысында атқарылған жұмыстарды саралай келе партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару, оны әділ және ашық түрде қайта үйлестіру, жер дауларының шешілуіне үлес қосу және оны пайдалану мен бақылау жайында айтып өтіп, атқарылған жұмыстардың қоғамға ашық жариялап отыру бойынша ұсынысын жеткізіп, ел аумағында өзекті болып отырған мәселеге қатысты бұл жұмыстар күшеймесе бәсеңдемейтіндігін атап өтті.