» » Партиялық бақылау бекеті жұмысын бастады

Партиялық бақылау бекеті жұмысын бастады

Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы М.Есбенбетов, аудандық мәслихаттағы "AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының мүшесі И.Қабатова, партия филиалының Партиялық бақылау комиссия төрағасының орынбасары Ғ.Бердекеев "AMANAT" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қармақшы ауданы бойынша Жол картасы аясында салынып жатқан Ақай ауылдық округіндегі денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмысымен танысты.

Зерделеу жұмыстары барысында мониторингтік топ мердігер мекемесінің ("Өмірзақ" ЖШС) өкілімен кездесіп, бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстарымен танысты.

Бүгіннен бастап құрылыс жұмысының сапасын бақылау, бөлінген қаржының тиімді игерілуіне, құрылыс материалдарының талан-таражға түспеуіне, онда жұмыс жасап жатқан жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы мен техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау үшін Партиялық бақылау бекеті өз жұмысын бастады.

Партиялық бақылау бекетінің жетекшісі болып, Қармақшы аудандық мәслихаттағы "AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының мүшесі И.Қабатова бекітілді.

Партиялық бақылау бекеті құрылыс толық аяқталғанға дейін өз жұмысын жасайды.
08 қыркүйек 2022 ж. 639 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 007
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 624

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031