» » Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

qarmaqshy-tany.kz Бүгін партияның аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мен партияның қызметкерлерінің қатысуымен партияның "Жер Аманаты" жобасы бойынша жиын өтті. Жиында аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Е.Еркебаев өз сөзінде: Қармақшы ауданы бойынша 2022 жылы ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізілді. 51 жер учаскесін пайдаланушыларға хабарлама хаттар таратылса, 8 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен шаруа қожалықтарының жайылымдық жерлерін ауыл тұрғындарына маусымдық жайылымға пайдалануға меморандум рәсімделді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 13 257,2 гектар, 13 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды,-деді.
Айта кетейік, елімізде бас-аяғы 5,2 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған болса, оның 3 млн гектардан астамы республикалық және аймақтық комиссиялардың араласуымен жүзеге асты.
Жуырда республикалық комиссияның бастамасымен jerkarta.gharysh.kz геосервисі іске қосылды. Аталған сервис мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелеріне мониторинг жүргізуге, оның қайда орналасқанын, контурын анықтауға, сондай-ақ ауданы мен меншік иесі немесе жер пайдаланушысы туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Барлық заң бұзу фактілері туралы 8 800 080 44 41 телефонына хабарлауға болады. Өтінімдер WhatsApp арқылы да +7 700 800 44 41 нөмір бойынша қабылданады.
«Жер аманаты» комиссиясының жұмысы алдағы уақытта да жалғасады.
07 ақпан 2023 ж. 390 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 458
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 257

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930