» » Ұлттың қуаты – тілінде

Ұлттың қуаты – тілінде

Тіл – әрбір ұлттың мақтанышы, таусылмайтын байлық. Оны өркендету баршаның ісі. Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттің дәрежесін нығайту еліміздің саясатында баса айтылған. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында да мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуды басты назарда ұстап келеді.
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдер мерекесі күніне орай«Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ұлттың қуаты – тілінде» атты «AMANAT» партиясының залында мерекелік кездесу өтті. Жиынға аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы, филиалдың алқа мүшесі Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық Қоғамдық даму бөлімінің басшысы Ғарышбек Нысанбаев, филиалдың алқа мүшесі, облыстық тілдерді дамыту орталығының аудандағы мемлекеттік тіл оқытушысы Гүлжанат Дүзенова және бастауыш ұйым жетекшілері, тіл белсенділері қатысты.
Мерекелік кездесуді «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрайымы Гүлжауһар Раева ашып жүргізіп отырды. Ауданның Құрметті азаматы Әбдірахман Құлдүйсенов жиынға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, қазақ тілі мемлекеттің дамуы және ел болашағы үшін қаншалықты маңызды екендігін айтып, қазақ халқының ұрпағы үшін артында осыншама тіл байлығын қалдырған бабалардың жолын жалғастыратын нағыз тіл жанашыры болуға шақырды. Мемлекеттік тіл саясатының маңыздылығы, ауданда жүргізіліп жатқан игі жұмыстар туралы аудандық Қоғамдық даму бөлімінің басшысы Ғарышбек Нысанбаев сөз сөйлеп, мерекелік лебізін білдірді.
Тілдер мерекесімен қатар «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен ағартушы, қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, ғалым, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні тойланып отыр. Алаш арысының қуатты сөзін қолдаған мемлекеттік тіл оқытушысы Гүлжанат Өмірқызы қатысушыларды тілдің мәртебесін көтеруге шақырды.
Іс-шарада мемлекеттік тілдің насихатын күшейту, әлеуметтік беделін арттыру, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жұмысын ілгерілету жолында еңбек етіп жүрген бір топтіл белсенділері бірлестіктің Құрмет грамотасымен, облыстық филиалдың Алғыс хаттарымен марапатталды. Қатысушылар жиын барысында өз пікірлерін ортаға салып, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.
Егеменді ел атанған Қазақстан мемлекетінің нышаны – қазақ тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қазығына айналдыру әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
09 қыркүйек 2023 ж. 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 259

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930