» » Мейіргерлерді марапаттады

Мейіргерлерді марапаттады

qarmaqshy-tany.kz Тіл – ұлттың жаны. Ұлттың ұлт болып қалуының басты тірегі де оның ана тілінің қолданысымен тығыз байланысты екені даусыз. Қазақ поэзиясының ерекше құбылысына айналған Қадір Мырза Әлі «Ана тілің арың бұл, ұятың боп тұр бетте. өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», деп тілді құрметтеудің қажеттігін көрсетті. Иә, ана тілін құрмейтін тіл жанашырларының жадында ақынның жыр шумағы жүруі қажет-ақ.
Жақында «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық емханада тіл жанашырларымен кездесу болып өтті. Оған аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Гүлжауһар Раева және тіл белсенділері қатысты.

Қазақ тілі қоғамы өз жұмысында халқымыздың мәдениетін, қазақ тілін, әдебиетін, тарихын, әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салтын сақтай отырып, оны одан әрі дамытуда филиалдың бастауыш ұйымдарымен тығыз байланыста бірлесе жұмыс жүргізіп келеді. Соның бірі — аудандағы филиалдың ірі бастауыш ұйымы аудандық ауруханасы. Ұйым мүшелерінің белсенділігі, туған тілге деген көзқарасы, азаматтық ұстанымы ерекше. Оның бір дәлелі – аудандық филиалдың ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай өткен «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» атты байқауда аурухана ұжымынан қатысқан дәрігер Гүлдана Қалмаханова сайыстың бас жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ, тілдің мәртебесін көтеру мен мекемедегі белсенділіктің артуына мекеменің бас дәрігері қай кезде де атсалысады.

Кездесуде бастауыш ұйым ұсынысымен тұрғындарға медициналық көмек көрсетуде дертке шипалы сөздерімен жан жылуын сыйлап, ел құрметіне бөленіп жүрген бір топ тіл жанашырлары марапатталды. Ұлттық құндылықты насихаттауда қоғамның белсенді мүшесі ретінде атсалысқан мейіргерлерге Гүлжауһар Төлегенқызы шынайы алғысын білдірді.

Жиын соңында аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Сағилатұлы мемлекеттік мәртебесі жоғары қазақ тіліне қашан да құрметі шексіз екенін айтып, мекемеде барлық құжаттар қазақ тілінде жүргізілетінін жеткізді.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
28 мамыр 2023 ж. 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 262

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 361

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930