» » Ел Асқарын еске алды

Ел Асқарын еске алды

qarmaqshy-tany.kz Қоғамда көзі көрмесе де көңілі ояу, еңбегінде мін жоқ асыл азамат баршылық. Олар тағдырдың тауқыметін бастан кешкенімен қашанда рухы биік тұрады. Түйсіктің сезімталдығы арқылы барлық іске араласып, қоғамда өз орнын қалдыруда.
Өткен аптада «Қазақ Соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының ұйымдастыруымен іс-шара өтті. Соқпақты ғұмырында сан түрлі қиындықтарға дес бермей ел есінде қалған ауданның құрметті азаматы Асқар Қолдабековтың 60 жасқа толуына орай аудан жұрты еске алды.
Алдымен көзі нашар көретін жандар арасында шахматтан спорттық жарыс өтті. Жанарында мүкістігі болса да өмірге ұмтылысы жоғары жандар сайыстың көркін қыздырды. Көздің сынағына қарамастан спортта белсенділік танытып, жеңіске жету жолында жақсы ойын көрсетті.
Одан кейін атаулы іс-шара аудандық мәдениет үйінде «Жаны жайсаң, көңілі дархан асыл аға – Асқарым» атты еске алу кешіне жалғасты. Жиында аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Ғарышбек Нысанбаев сөз сөйлесе, Асқар ағамыздың анасы Фазила Ниязқызы естеліктер айтып, кешті ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Мұнан соң көру мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында шахматтан өткен жарыс қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды. Қатысушыларға аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
30 тамыз 2023 ж. 391 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 419
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 224

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930