» » Жанарым – сөнбес шырағым

Жанарым – сөнбес шырағым

Көз жанарынан айырылса да қоғам өмірінен тысқары қалмайтын зағип жан­дардың жаратылысы бөлек. Тек түйсіктің сезімталдығы арқылы олар барлық іске икемділігін көрсете бі­леді. Бүгінде ауданымызда 78 зағип жан бар екен.
Оларға көмек көрсету – еліміздегі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы бағытта елімізде іргелі жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, қазір әр өңірде «Қазақ соқырлар қоғамы» деп аталатын қоғамдық ұйым бар. Аталған ұйымның басты мақсаты – І, ІІ топтағы мүгедек жандардың құқықтарын қорғау, оларды әлеуметтік жағынан қамтамасыз етіп, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде еңбекке араластыру.
Ауданда Қазақ соқырлар қоғамының іргетасын 1966 жылы Дербісәлі Көздібаев қалаған болатын. Одан кейін аталған ұйымды Сайлау Ақшолақов 1997 жылға дейін басқарды. 2011 жылдар аралығында Қалдыгүл Кәрібаева қызмет атқарса, 2011-2012 жылдары Шаһзада Қасымов жетекшілік етті. 2012-2018 жылдары Асқар Қолдабеков қолға алса, 2018 жылдан бері аудандық соқырлар қоғамының төрайымы қызметін Эльмира Үсенова атқарып келеді.
Осы ретте Қазақ Соқырлар Қоғамының құрылғанына 85 жыл толуына орай К.Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйінде «Жанарым – сөнбес шырағым» тақырыбында іс-шара өтті. Салтанатты жиында баяндама жасалып, қоғамның кешесі мен бүгініне тоқталып, тарихқа көз жүгіртілді. Аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев сөз сөйлеп, аталған бағытта жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен көмектерге тоқталды.
– Зағип және көзі нашар көретін азаматтар қоғам назарынан ешқашан шет қалмайды. Аудан әкімдігі тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін әлеуметтік көмектер жүйелі қолға алынған. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Инватакси» қызметі тұрақты түрде іске асырылуда, – деді аудан әкімінің орынбасары Ж.Байназарұлы.
Аталған жиында қоғамның бірқатар мүшесіне қоғам өміріне белсене араласқаны үшін аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. Сондай-ақ кәсіпкер Тынышкүл Үкібаева ұйымға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін марапатталды.
Мұнан соң сөз алған облыстық Қазақ соқырлар қоғамының басшысы Асқар Қолдабеков тағдырластарын мерейлі күнмен құттықтап, сый-сияпат табыстады. Жиын соңы мерекелік бағдарламаға ұласты.
Қоғамда кез келген жан әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тең құқылы. Бұл тұрғыда зағип жандар да мемлекет қамқорлығынан тыс қалмақ емес. Аталған ұйым мүшелеріне алдағы уақытта да үлкен қамқорлықтар жасала бермек.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
Ерсін СӘДУҰЛЫ (сурет)
27 маусым 2022 ж. 582 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031