» » Қармақшыда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Қармақшыда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті


qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Отырысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері және барлық білім беру нысандарының директорлары мен меңгерушілері қатысты.

Комиссияның қарарына ұсынылған күн тәртібінде 5 мәселе болды. Бірінші, екінші мәселелер бойынша білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында түнгі кезекшілікте атқарылған жұмыстар туралы аудандық полиция бөлімінің, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ермаханов Қуандық Бейбітұлы баяндады.

Үшінші мәселе бойынша Т. Ізтілеуов атындағы №29 орта мектеп оқушысымен орын алған төтенше жағдай туралы Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектептің директоры Жарасова Ақмарал Дәуренбекқызы, бесінші мәселемен Жосалы кенті, Жангелдин көшесі тұрғыны Ә.Сұлтанованың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін қайта қарау туралы аудандық білім бөлімінің қорғаншылық, қамқоршылық органының бас маманы Сарымсақов Нұрхан Ұзақбайұлы атқарылып жатқан жұмыстары жайындағы өз баяндамаларын оқыды.

Бесінші мәселе бұл – білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық барысы. Аудандық білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гүлзира Мәжитқызы аудандағы барлық білім ошақтарының көрсетілген стандарттар шегінде бала қабылдауға толықтай негіз бар екендігін жеткізді.

Комиссияның күн тәртібіне шығарылған мәселелерді қарауда аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына сәйкес, білім беру объектілері міндетті түрде бейнебақылау жүйесімен қамтылып, аудандық полиция бөліміне қосылу және дабыл беру құралымен қамтамасыз етілу керек екендігін, №79, 106, 109, 113,185, 186, 199 мектептер дабыл жүйесімен қамтамасыз етілмегендігіне байланысты тапсырмалар берді.

Екінші мәселеге сәйкесінше ағымдағы жылдың маусым, шілде айларында 31 оқушы түнгі мезгілде ата анасының бақылауынсыз жүріп, аудандық полиция бөлімі тарапынан тиісті шаралар қолданылған. Қазіргі таңда аудан әкімінің бастамасымен Жосалы кентіндегі түнгі рейд жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Күн тәртібіндегі үшінші, төртінші мәселелер бойынша бақылауды күшейту керек екендігін тапсырды.

Бесінші мәселе білім нысандарының жаңа оқу маусымына дайындығы туралы Абдазиева Гүлзира Мәжитқызына бірқатар кемшіліктерді жөндеу жөнінде нақты ұсыныс берілді.

Бала қауіпсіздікті сезініп өссе, ол сенуді үйренеді. Баланың балалық шағының алаңсыз өтуіне қоғам болып атсалысу керек екендігін айтты отырысты қорытындылаған аудан басшысы.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

30 тамыз 2023 ж. 341 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031