» » Батыр рухы – дәуір тынысы

Батыр рухы – дәуір тынысы

qarmaqshy-tany.kz Өткен сенбіде аудан орталығы – Жосалы кентінде ХVII ғасырда Жайық өзені бойын жаулаған қалмақтармен күрестерде ерлігімен ерекшеленген қазақ батырының бірі – халқына Сарқасқа есімімен танылған Келменбет Келдібайұлының туғанына 375 жыл толуына орай мәдени-спорттық шара өтті.
Ол алдымен ат бәйгесімен басталды. Азанғы сағат 7.00-де «Мөлтек» ықшам ауданында орналасқан ипподромда 2 айналым болатын 6 шақырымдық тай бәйгесімен басталған жарысқа «Сен тұр, мен шабайын» деген 23 тай иесі қатысып, оның нәтижесімен талай дүбірлі жарыста бәйгенің көш басынан көрініп жүрген ақайлық Асланбек Әбдібекұлының Ермұхамбет есімді шабандозы мінген «Жебесі» басқа тайлардан дараланып, мәре сызығын бірінші болып кессе, келесі жүлделі екі орынды Көмекбаев ауылынан келген Жәнібек Әбдірахмановтың шабандозы Нұржан мінген «Оригиналы» мен ақайлық Әбдуәли Жалғасұлының «Бұйрығы» (шабандозы Рамазан) иемденді.
Сондай-ақ, 6 шақырым болатын 4 айналымдық Құнан бәйгесіне қатысқан 7 құнан арасында ерекше шабысымен дараланған Қазалы ауданы, Сарбұлақ ауылынан келген Сражадин Шамұратовтың «Жұлдызторысы» бәйгенің бас жүлдесін жеңіп алса, ІІ орынға қазалылық Нұрлыбек Шаламановтың «Қалмаққарасы», ал жүлделі ІІІ орынға Қызылорда қаласынан келген атбегі Еділ Дауыловтың жүйрігі көтерілді.
Келесі кезекте бәйгеқұмар қармақшылықтардың асыға күткен 6 айналым болатын 16 шақырымдық Аламан бәйгесінде шапқан 7 сәйгүліктің мәреге 3-еуі ғана жетті. Нақтысын айтқанда, үш жүйрік мәреге бірінің артынан бірі жарыса жетсе, енді біреуі бір айналым кеш келді, ал қалғандары жарыс жолынан шығып қалды. Жарыс нәтижесінде Қазалыдан келген Әбілқайыр Қадіровтің «Спартагы» І орынға көтерілсе, екінші бір қазалылық атбегі Ғабит Бозғұловтың «Күреңқасқасы» ІІ орынға, ал Жалағаш ауданынан келген Ерболат Кетебаевтың «Ақмаңдайы» ІІІ орынға көтеріліп, мерейлері үстем болды.
Есімі елге танымал айтыс ақыны Сырым Әділбековтің арнауымен басталған шара әрі қарай Келменбет батыр көшесінің ашылу салтанатымен жалғасты. Оны аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов ашып, іс-шараға қатысушылар мен қонақтарға аудан экономикасын нығайту, тұрғындардың әлеуетін арттыру мақсатында атқарылып жатқан ілкімді істермен таныстырып, батырдың өмір жолына тоқталды. Одан кейін сөз алған қоғам қайтаркерлері Сәпен Аңсат, Бекмырза Еламанов, еңбек ардагері Төлеген Анасбайұлы игі іс бастамашыларына жылы лебіздерін білдірді. Содан соң қатысушылар Келменбет батырға арналған ескерткіш-тақтаның лентасын қию рәсімін тамашалады.
Одан әрі іс-шара ат бәйгесінің жүлдегерлерін марапаттауға ұласса, аудандық «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы Өміржан Тобжанов әруақтарға арнап Қатым-Құран шығарды.
Сонымен бірге ұйымдастырушылар зілтемір көтеруден Әлем біріншілігінің екі мәрте жеңімпазы Ерасыл Сәулебекке тұлпар мінгізді.
Одан әрі әруақтарға арналған ас беріліп, құран бағышталды.
Тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор болып өткен шарада балуандар күресі, арқан тарту, гір тасын көтеру сияқты спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Түйе балуандар белдесуінде бас жүлдені Шыңғыс Тоқманбетов жеңіп алса, ІІ орынды Азамат Шәйкөзов, ал ІІІ орынды Ерлан Жақсылықов иеленді. Ал, арқан тарту және гір тасын көтеруден өткен жарыста да жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы жүлдемен марапатталды.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
22 тамыз 2023 ж. 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031