» » Тапсырма да, талап та жаңаша

Тапсырма да, талап та жаңаша

qarmaqshy-tany.kz Сәрсенбі күні К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде «AMANAT» партиясы аудандық филиалының кезекті ХХХХІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Оған 18 бастауыш партия ұйымынан 110 делегат, партияның аудандық филиалының Саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағалары, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жастар қауымы және «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов қатысты.
Конференция ашық деп жарияланған соң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Жиынды аудандық партия филиалының төрағасы Әділ Қошалақов жүргізді.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша «Партияның аумақтық филиалы Саяси кеңесінің 2021­2022 жылдары атқарылған жұмыстары және алдағы кезеңге, оның ішінде сайлау алдындағы бағдарламаларды орындау бойынша өңірлік жол карталарын іске асыру жөніндегі міндеттер туралы» Әділ Үсенұлының есебі тыңдалды. Онда ол «Ел дамуының жаңа кезеңінде Президентіміздің қоғамдық тірегі мен елдегі басты саяси күш ретінде тарихи кезеңді басынан өткізіп отырған партияға үлкен міндеттер мен жауапкершілік жүктелгенін, партияның атауы ғана емес, оның барлық қызметі толық трансформациялаудан өтіп, жаңа бағытқа көшкені және ел болашағын айқындайтын мұндай ауқымды саяси реформалар қармақшылық аманаттықтармен де белсенді іске асырылуда» деп айта келіп, 2021­2022 жылдар аралығындағы партияның аудандық филиалының атқарған бірқатар жұмысына тоқталды.
– Мемлекет басшысының сайлануымен еліміз дамудың жаңа кезеңіне көшті. Сондай­ақ, «AMANAT» партиясына жүктеліп отырған жауапкершілік те, талап та жаңарды. Партияның өзгерістер жаршысы ре тінде мақсаты айқын, бағыты анық. Халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру бойынша партия филиалдары жанындағы қоғамдық кеңестердің саны мен құрамы жаңарып, отырыстары ашық өткізілуде. Сонымен бірге партияның негізгі міндеті – халық пен билік арасындағы сенімді нығайтып, кері байланыс орнату болғандықтан қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы проактивті форматқа көше отырып, қызмет көрсетуге бағытталған тәсілдер енгізілді. Былтырдан бастап қоғамдық қабылдау жұмыстары шалғай елді мекендерде жүргізілуде. Сондықтан есепті кезеңде шалғай ауылдарда 8 мобильді қабылдау өтсе, оның біреуіне республикалық мобильді топ өкілдері қатысты. Қабылдауларда 240 өтініш тіркеліп, оның 171­і оң шешілді, 69­ы бойынша қолданыстағы заңнама аясында кеңестер берілді. Қоғамдық қабылдау қызметімен тұрғындарды қамтуда бастауыш партия ұйымдарында қабылдау бөлмелері ашылған. 2021 жылы 342 қабылдау өткізілсе, өткен жылы 353 қабылдау жүргізілді. Оның ішінде 235 өтініш оң шешіліп, 118 мәселе бойынша кеңес алынған. Бұл қабылдаулардың 45­і әкімдер мен олардың орынбасарларымен, 131­і жергілікті мемлекеттік мекемелердің басшыларымен, 105­і аудандық мәслихат депутаттарымен өтті. Мұнан бөлек, 2021­2022 жылдары заңгерлермен – 8, медиаторлармен – 2 қабылдау өтсе, 51 тақырыптық, 4 көшпелі және партиялық жоба мен акция аясында, өзге де 7 қабылдау ұйымдастырылды. Осы жылы аудандық мәслихаттағы фракция мүшелерімен, жергілікті атқарушы орган өкілдерімен партия филиалында 19 қабылдау өткізіліп, 149 өтініш тіркелген. Оның 81­і оң шешілсе, 68іне түсіндірме жүргізілді. Жұмыспен қамту, әлеуметтік мәселелер, жер телімдерін табыстау, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша, «Құқықтық көмек», «Ауыл Аманаты» жобалары шеңберінде де қабылдаулар өтіп келеді. Фракция мүшелерінің өз сайлау округтері бойынша көшпелі қоғамдық қабылдаулар, сайлаушылармен кездесулер тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Фракция отырыстарының басым көпшілігінде өңірлік Жол карталары іс­шараларын қаржыландыру мәселелері тал қыланды. Фракция жұмысында басым бағыт – «Еститін мемлекет» қағидасына сәйкес қоғамдық диалог, ашықтық болып табылады. Басты ұстаным – халыққа жақын болу. Бастауыш партия ұйымдарының жұмысына келер болсақ, партияластар арасында ынтымақтастықты арттыруда аудандағы 18 бастауыш ұйым қызметіне толық талдау жүргізіліп, өткен жылы 11 бастауыш партия ұйымының жетекшілері қайта сайланды. Қазір аумақтық филиалдың 18 бастауыш ұйымында 3841 партия мүшесі бар, – деді ол хабарламада.
Конференцияда «AMANAT» пар­тиясы облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Сейтқалиұлы сөз алып, партияның бағыт­бағдары мен келешекте атқаратын жұмыстарын саралап өтті. Әсіресе ол бүгінде жүзеге асып жатқан көптеген жобалардың көшбасшы партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылғанын, қазіргі билік пен адамдар арасындағы қарым­қатынас және жастар тәрбиесі жайында келелі әңгіме қозғады.
Басқосуда партия белсенділері өз ұсыныс­ойларын ортаға салды. Жосалы кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Ұзақбаев партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толатынын айтып, десе де алдағы уақытта жалпылама баяндалмай, нақты кімдермен жұмыс жасалғанын, аты­жөндерімен баяндалса деген пікірін білдірді. Аудандық мәслихат депутаты Дильфура Байрахтарова, «Жасталап» бастауыш партия ұйымының төрағасы, аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Нұржұман Пірназаров та жиында сөз сөйлеп, партияластарын еліміздің дамуы жолында еңбек етуге әлі де болса белсенді болуға шақырды.
Конференцияның күн тәртібіндегі екінші және үшінші мәселе бойынша «Аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгеріс енгізу туралы» және «AMANAT» партиясы облыстық филиалының кезекті XXХІІ есеп беру­сайлау конференциясына делегаттар сайлау туралы» сөз аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Дастан Бухановқа берілді. Онда ол Саяси кеңестің құрамы мен «AMANAT» партиясы облыстық филиалының кезекті XXXІІ конференциясына аудандық филиалдан делегат болып ұсынылған партия мүшелерінің тізімін таныстырды. Тізімде аты аталған азаматтар мен азаматшалар делегаттар тарапынан бірауыздан қолдауға ие болды.
Партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов жұмыс сапары кезінде ауданда Сайлауалды бағдарлама ая сында бой көтеріп жатқан ны­ сандардың жай­күйімен танысып, Жосалы кенті көшелерінің жөндеу және жарықтандыру жұмыстарын зерделеді.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
20 тамыз 2023 ж. 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031