» » Қызылордада «TED Q» жобасы басталды

Қызылордада «TED Q» жобасы басталды

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі мен Қоғам ТВ телеарнасымен бірлесіп, әлемдік TEDx форматының аналогы ретінде «TED Q» телевизиялық жобасын қолға алды. Жобаның басты спикерлері Өңірлік коммуникациялар қызметінің жанынан құрылған сарапшылар тобы. Мақсаты – «TED Qyzylorda» алаңында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қандай өзгерістер керек, қоғам қалай ықпал жасай алады, Ел Президентінің тапсырмаларын жүзеге асыруда қандай қолдаулар қажет деген өзге де тақырыптар аясында ой бөлісу.
Әрине, қазіргі қоғамда ой баққандар озық келеді. Сол себепті алғашқы шығарылым жастардың өзекті мәселесіне арналып, «Мағжан сенген жастар...» тақырыбында өткізілді.
Спикерлер қатарында «Орда» жоғары колледжінің әдіскері Айнұр Бекенова болды. Ол «Бала тәрбиесі – ортақ іс» тақырыбында сөз сөйледі. Оның айтуынша, «жастардың қоғамда басты міндеті – білімін жетілдіру. Сол себепті жас кезінде көп дүниені білуге құштар болу керек. 20 жасында үйренгенің өмірлік азығың болады. Ал, 60-70 жасқа келгенде үйренсең, оның керегі де аз болатыны айқын» деді. Сондықтан спикер көп уақытты білімге жұмсауға кеңес берді.
Әлемде IT саласы қарқынды дамуда. Қазақстан да бұл саладан кенде емес. Ақпараттық технологиялар саласын қолдаудың арқасында әлем бойынша Қазақстан 28-орында, ал Қызылорда республика көлемінде 5-орында. Міне, жастарға IT мүмкіндіктер зор. Осы тақырып жөнінде Бизнес старт жастар кәсіпкерлігі орталығының жетекшісі Жанарыс Түбекбаев қаузады. Жиналған жастарға әлемдік бизнес старт жобаларды айтып, күнделікті қолданыстағы «Яндекс такси», «InDriver» платформалары қарапайым студенттердің еңбегі екенін айтып мысал келтірді. Сондай-ақ, қатырма қағазсыз, IT маманы болуға болатынын жеткізді.
Жастар – кәсіпкерлік саласындағы ең маңызды буын. Елдің дамуына кәсіпкерлердің рөлі маңызды. Аймақтағы біраз құрылыс нысандары демеушілердің есебінен салынуда. Сол себепті жастар кәсіпке машық келгені жөн. Осы мақсатта «Жастар кәсіпкерлігі: мүмкіндіктер мен кедергілер» тақырыбында «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының баспасөз хатшысы Балдырған Мамен жалғастырды. Спикердің көмегімен кәсіп бастағысы келген көрермендерге жол көрсетіліп, кеңес берілді. «Ауыл аманаты» жобасын мүмкіндіктеріне тереңірек тоқталып өтті.
Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрман Абдрасилов аудан жастарының белсендігін айтты. Өзі де ауданның перзенті болғаннан кейін, кезінде өзіне жасалған мүмкіндіктермен, қазіргі қолдаулар жайлы тоқталды. Бұған қоса, «Шіркейлі» жастар бригадасының бригадирі Нұрсұлтан Сайлаубеков пен ауданның белсенді жасы, болашақ кәсіпкер Архат Татихан қатысып, жаңадан бастап жатқан жобаларымен бөлісті.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің жаңа жобасы ашық дискуссия, орамды ой, тың инсайд, жаңа мүмкіндікті көрермендерге сыйлады. Алғашқы шығарылымда Z буын өкілдері құнды ақпаратты алып қана қоймай, өткір сауалдарын қойды. Жоба соңында сарапшылар мен көрермендер көңілді караокемен түйіндеді.

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

18 тамыз 2023 ж. 384 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 054

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031