» » Қызылорда облысы әкімінің 150 оқу гранты бөлінді

Қызылорда облысы әкімінің 150 оқу гранты бөлінді


Қызылордада көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан білімге құштар балаларға облыс әкімінің 150 оқу гранты бөлінді, - деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлімдеді.

«Биыл аймақ басшысының қолдауымен бюджеттен 150 грант бөлінді. Атап айтқанда, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне -70, Дәстүрлі өнер институтына-15, «Болашақ» университетіне -20, Қазақ ұлттық аграрлық университетіне-10, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне -30 грант. Бөлінген гранттар бойынша бакалавр академиялық дәрежесінде техникалық, ауыл шаруашылығы, білім, беру, өнер, әскери іс және қауіпсіздік , қызмет көрсету, ветеринария, медицина салаларының мамандары даярланатын болады», – деді Наурызбай Сейтқалиұлы.

Брифингте Наурызбай Сейтқалиұлы аймақ басшысының гранты жастардың сапалы білім алуына жол ашатынын, олардың болашақта өңір дамуына өз үлестерін қосуға үлкен мүмкіндік екенін айтты.

13 тамыз 2020 ж. 956 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 987
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 215

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031