» » Қызылордада карантин ережелеріне өзгеріс енгізілді

Қызылордада карантин ережелеріне өзгеріс енгізілді

 Қызылорда облысы бойынша 25 мамырдан бастап кезең-кезеңімен іске қосылатын салалардың және ұйымдардың тізіміне толықтырулар енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлімдеді, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz

«Бесінші кезеңге, яғни 25 мамырдан бастап іске қосылатын салалар мен ұйымдардың тізіміне толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, 6-11 сынып оқушылары үшін жеке қосымша білім беру орталықтары. Яғни жеке сабақтар бойынша 1 адамнан болса, ал топтық сабақтарға 10 адамнан аспайтындай және оқу бөлмесіндегі оқушылардың ара қашықтығы 1,5 метрді сақтай отырып, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00 –ге дейін істейтін болады. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты алдын ала жазылу бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін ұзартылды»,-деді Наурызбай Сейтқалиұлы.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған нысандар санитарлық-дезинфекциялық шараларды сақтай отырып және шектеулі уақытта қызмет көрсететін болады.
24 мамыр 2020 ж. 1 293 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 978
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 207

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031