» » Елімізде 12 мамырдан тағы бірнеше рейс жанданады

Елімізде 12 мамырдан тағы бірнеше рейс жанданады

Air Astana әуекомпаниясы 12 мамырдан бастап Қазақстанның облыс орталықтарына тұрақты рейстерді қайтадан орындай бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«12 мамырдан Ақтөбе және Қызылордаға Алматыдан, ал 13 мамырдан Нұр-Сұлтаннан қатынайды. Сондай-ақ, 13 мамырдан Алматыдан, ал 14 мамырдан Нұр-Сұлтаннан Өскеменге рейстер орындалады», - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Рейстер Airbus A320/A321 және Embraer E190-E2 ұшақтары арқылы орындалады. Басқа қалалардағы әуежайлар ашылғаннан кейін, осы қалаларға рейстер іске қосылатын болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 11 мамырда Нұр-Cұлтан мен Алматы қалаларынан Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Тараз, Талдықорған қалаларына әуе қатынастары жанданады.

Осы орайда тиісті қаулыға Көліктегі бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов қол қойды.


08 мамыр 2020 ж. 1 054 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 086
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 673

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031