» » ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН КЕҢЖОЛАҚТЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ ҚОСЫЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН КЕҢЖОЛАҚТЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ ҚОСЫЛАДЫ

Қазіргі таңда облыстағы мектептердің 93,1 пайызы кеңжолақты интернетке қосылған. Сонымен қатар, мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде 8096 ескі компьютер жаңартылып, заманауи пәндік кабинеттер және 3D зертханаларымен қамтылатын болады. Бұл туралы Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мәлімдеді.2018-2019 оқу жылында 154 559 оқушы, оның ішінде 18 942-сі бірінші сыныпқа барады. Жаңа оқу жылының қарсаңында Қазалы және Жаңақорған аудандарында жаңа мектептер пайдалануға берілді, жыл соңына дейін Арал қаласында 300 орындық  және Қызылорда қаласында 600 орындық білім ошағы ашылады.
«Облыстағы қалған білім ошақтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда облыстың жалпы білім беру мектептерінің 93,1 пайызы кеңжолақты интернет желісіне қосылған, жыл соңына дейін қалған мектептер толығымен қамтылады.  Мемлекеттік жекеменшік әріптестік  шеңберінде білім ұяларындағы 8096 ескірген компьютерді ауыстыру жоспарлануда. Бұдан басқа, 242 мектеп  электрондық журнал «Күнделік» жүйесінде жұмысын бастайды», - деді білім басқармасының басшысы.
Айта кетейік, облыс орталығындағы барлық балабақшаларда «Электронды балабақша» жүйесі қосылған, басқа да мектепке дейінгі мекемелер жаңа оқу жылында қосылады.
Жаңа  оқу жылынан бастап 3,6,8-сыныптар жаңартылған мазмұндағы білім беру бойынша оқиды. Қырық алты инновациялық мектепте физика, информатика, химия және биология пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Облыста 649 мұғалім ағылшын тілі курсынан өтті.
Сонымен қатар, 156 мектеп физика, химия, биология пәндерінің заманауи кабинеттерімен жабдықталуда,  92 мектеп робототехника кабинеттерімен,                      9 оқушылар сарайы «3D зертханалармен» қамтылады. Қалалық және ауылдық мектептер деңгейін теңестіру бағытындағы шаралар аясында  шағын жинақталған мектептер Bilim Book кешенімен қамтылады.
 «Өздеріңіз білетіндей, Жалағаш ауданы, Шәменов ауылындағы 2018 жылы апаттық деп танылған мектептен басқа облыста үш ауысымдық білім беру және апаттық мектептер жойылды. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 1,5 млрд. теңге бөлінді. 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы өткізіліп, онда 4 мыңнан астам бала 22 миллион теңгеден астам қаражат көлемінде көмекке ие болды», - деді Майра Мелдебекова.
Жаңа оқу жылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  5-7 сыныптар бойынша «Өлкетану» пәні енгізіледі. Сондай-ақ, биылдан бастап  3-сыныптарда «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні енгізілетін болады.
Естеріңізге салайық, өткен оқу жылында 7113 мектеп бітіруші түлектің 4742-сі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан. ҰБТ-ның орташа балы 85,2% құрады. 2732 түлек мемлекеттік білім беру грантына ие болды. Сондай-ақ, Қызылорда облысы әкімінің 205 гранты, 43 ректор гранты, Мәскеу мен Санкт-Петербургтің жетекші жоғары оқу орындарының 70 гранты мен ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының жанындағы университетіне 10 грант бөлінді. 39 грант әскери оқуға және  шетелдік университеттерге 29 грант бөлінген. Осылайша, 3 мыңнан астам сыр бойылық түлек грант негізінде білім алады.
02 қыркүйек 2018 ж. 1 291 1

JeaCold от 18 ақпан 2019 12:26
Walmart Prescription Prices Buy Viagra In New York City 123 Acheter Kamagra Uk orlistat 60 mg canada Zithromax Child Dose Cialis 10 Mg Erfahrungsberichte Viagra Nehmen Mit 18

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 131

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 285

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930