» » Жастарға берілген мүмкіндік

Жастарға берілген мүмкіндік

Елімізде 3,7 млн. жас тұрады, олардың 40%-дан астамы ауыл жастары. Соның ішінде Қызылорда облысында 176,9 мың жас бар. ҚР ақпарат және қоғамдық даму Министрлігі «Мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша» ҚР Заңының жобасын әзірледі. Ол ҚР Парламенті Мәжілісінде мақұлданып, 1 қараша күні ҚР Сенатына енгізді.
ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің айтуынша, заң жобасында негізгі новеллаларының бірі жастардың жасын 35 жасқа дейін ұлғайту болады. Осылайша, 2 есеге жуық жас үшін мемлекеттік қолдау аясы кеңейеді.
Сонымен қатар, заң жобасында жастардың даму индексін енгізу, жастардың әлеуметтік қызметтері, уақытша жұмысқа орналаспаған жастар туралы мәселе қолға алынбақ.
Қазір жастар мен олардың бастамаларын қолдаудың көптеген тетіктері бар. Мысалы, осы жылдан бастап Жастар практикасынан өту кезеңі 6 айдан 12 айға дейін және «Бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша 12 айдан 18 айға дейін ұзартылды. Бұл жастар үшін алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға және қолма-қол ақша табуға жақсы мүмкіндік.
Аймағымызда «Жастар практикасы» жобасы бойынша 2 729 адам, «Бірінші жұмыс орны» жобасы 178 адам жұмыспен қамтылды.
Сондай-ақ, қыркүйек айында аймақтық Жастар ресурстық орталықтары өңірлік ұйымдармен бірлесе отырып 14 бос жұмыс орын жәрмеңкесін өткізген, нәтижесінде 648 жас жұмысқа орналастырылды және 500-ден астам адам Жастар ресурстық орталық базасында консультация алды.
Облыс бойынша NEET санатындағы жастар саны 8,1%-дан 7,9%-ға дейін төмендеген.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

04 қараша 2022 ж. 712 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 362
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 134

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930