» » «Мен кәсіпкер» жобасы жүзеге асады

«Мен кәсіпкер» жобасы жүзеге асады

Қызылорда облысында «Мен кәсіпкер» жобасы жүзеге аспақ. Жоба аясында биыл 600-ге жуық азаматқа қызмет көрсетіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Сыздықов Пірмұхаммед мәлімдеді.

-Биыл кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтарға, кәсіпкерлерге жақсы мемлекеттік қолдау тетіктері енгізіліп жатыр. Қаржылай қолдау тетіктеріне 2,5 пайызбен жастарға берілетін несиені және «Ауыл аманаты» бағдарламасын айтуға болады. Ал қаржылай емес қолдау тетігіне биыл басталған «Мен кәсіпкер» жобасын атап өткім келеді,-деді Пірмұхаммед Айтбайұлы.

Брифингте сала мамандары «Мен кәсіпкер» – жобасы бірнеше саланы қамтитынын және негізгі екі бағытын атап өтті.
-Негізгі екі бағыты бар. Олар әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы және кәсіпке бағыт. «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағытына тек қана қыз-келіншектер ғана қатыса алады. Ал «Кәсіпке бағытқа» ер азаматтар да, әйелдер де қатыса алады. Негізгі талабы – кәсіпкер болуы керек, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлерге басымдық беріледі.«Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағыты аясында Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері кеңес беріп, олардың қажеттіліктерін анықтайды. Одан кейін сұранысын анықтап, соған сәйкес қыз-келіншектерді оқытады. Бұл бағытқа тек қана қыз-келіншектер ғана қатысады. Бұған қоса, қатысушылар өтінім беріп, оқитын бағыттарын анықтап алады. Ары қарай оқытатын салалық сарапшылар пулын қалыптастырады. Олар жобаға қатысушы кәсіпкерлердің біліктілігін арттырып, олардың кәсіптерін алты ай сүйемелдейді ,-деді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Алушаева Әсел.

-Бір ауыл- бір өнім» жобасы «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағыты аясында іске асады. Бұл қыз- келіншектерге арналған жоба. Оның шартының бірі- шикізат жергілікті өнім болуы керек. Негізі бұл жоба пилоттық тұрғыда төрт облыста жүзеге асқан. Атап айтқанда, былтыр Батыс Қазақстанда, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау облыстарында іске асты. Сол себепті, идеясы бар немесе жобасы дайын, қалай жүзеге асыруға болады деген қыз-келіншектерге қолдау көрсетеміз,-деді облыстқы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Наталья Мишукова.
@Өңірлік коммуникациялар қызметі
12 мамыр 2023 ж. 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 060

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031