» » Кәсіпкерлерге қолдау көп

Кәсіпкерлерге қолдау көп

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік саласының қарқынды дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Соңғы 9 жылда кәсіпкерлерге 91 мыңнан астам әртүрлі бағытта кеңес беріп, 13,6 мыңнан астам сервистік қызмет көрсетті. Сонымен қатар былтыр мыңнан аса кәсіпкердің құқығын қорғауға тиісті көмек көрсетті. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов мәлімдеді.
-Қазіргі таңда өңірде 66 мыңнан аса шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар. Тиісінше, өсім өткен жылмен салыстырғанда 29,5 пайызға жоғарылап отыр. Жалпы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсетіп, құқықтық тұрғыда жәрдемдеседі. Былтыр біздің мамандар 1000-нан аса кәсіпкер азаматтың құқығын қорғап, 1 млрд.теңгеге жуық қаржыны сақтап қалды. Сондай-ақ, палатаға келген 486 өтініштің 151-і оң шешімін тапса, қалған өтініштерді зерттеу үстіндеміз. Кәсіпкерлер палатасының тағы бір ерекшелігі – кәсіпкерлерге арнайы эскпорттық сертификаттар рәсімдеу екенін айтқым келеді. Соңғы үш жылда 6 мыңнан астам сертификаттар беріліп, эскпорт көлемі 80 пайызға артқанын байқауға болады. Біздің өңірден жиі экспортталатын өнімдер – балық пен күріш екені баршаға аян. Дегенмен, бұдан өзге мұнай өнімдері цемент, кварц құмы, сондай-ақ өткен жылдың соңынан бері шыны өнімдері бірнеше мемлекеттерге эскпортталып жатыр. Айта кетейін, кәсіпкерлер палатасының мамандары 2019 жылдан бастап 14 индустриалды сертификат рәсімдеп, оған 40-қа жуық өзгерістер енгізіп, жаңартты, - деді Пірмұхаммед Айтбайұлы.

12 қаңтар 2023 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 411
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728