» » Референдум Конституция баптарын таңдауға мүмкіндік береді

Референдум Конституция баптарын таңдауға мүмкіндік береді

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері аймақтағы кәсіпкерлік нысандарда Конституцияға енгізілетін өзгерістерді түсіндіріп жүр.
«5 маусымда өтетін референдум туралы ақпараттық материалдар жеткілікті. Дегенмен кей азаматтың танысып шығуға уақыты немесе мүмкіндіктері болмауы мүмкін. Кездесулерді сол үшін де жұмыс орындарында ұйымдастырып жатырмыз», – дейді Палата директоры Пірмұхаммед Сыздықов.
Палатамамандары бүгінге дейін екі мыңнан астам адаммен кездесті. Бұл шаралар облысқа қарасты барлық аудан мен Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында да жүргізіліп жатыр.
«Кей кездесулерде «кімге дауыс беру керек» деген сұрақтар қойылды. Біздің мақсатымыз – азаматтарды референдумға келіп, өз таңдауларын жасауға шақыру. Сол үшін түсіндірмені жасаған дұрыс деп санаймын. Өңірлік кеңес мүшелігіндегі кәсіпкерлер де күн сайын аудандарда ауылдарды аралап жүр. Референдум Конституцияның баптарын халық болып таңдауға мүмкіндік береді. Ел үшін маңызды шарада үлес қосу – азаматтық міндетіміз», – деді Пірмұхаммед Сыздықов.
Кездесулерде кәсіпкерлерге Конституцияға енгізілетін өзгерістер жазылған ақпараттық парақшалар таратылып жатыр. Сондай-ақ, аталған шараларда қолданыстағы салаға қатысты мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау тетіктері жөнінде ақпараттар берілді.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
30 мамыр 2022 ж. 583 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930