» » Кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік мол

Кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік мол

qarmaqshy-tany.kz Бүгінде ауданымыздағы кәсіпкерлікке бет бұрған тұрғындарға қайтарымсыз грант негізіндегі қаржылар, жеңілдетілген несиелер бөлу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді.
Сәрсенбі күні кәсіпкерлердің тың идеяларын дамыту мен кәсіпкерлікке деген ынталарын арттыру мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы облыстық филиалының аудандық филиалында кездесу өтті. Оған өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Раимов, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов, облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Наталья Мишукова, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының директоры Алмат Өтегенов, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Біржан Мүтәлұлы және аудандағы жеке кәсіпкерлер қатысты.
Қатысушылар бірінші кезекте ауданда шығарылып жатқан өнімдердің көрмесімен танысты. Онда «Жаңажол» ЖШС өнімдері соя, жоңышқа, жем, бидай, күріштің 3 түрі қойылса, Ақай ауылындағы жеке кәсіпкер Ғанибек Серікұлының кір сабыны, Талғат Жасанбаевтың күріш таяқшалары, жартылай фабрикатталған өнімдерді дайындаушы Айдана Көздібаеваның кеспе жаймасы, сондай-ақ кондитерлік өнімдер мен қазақы киім ұсынылды.
Әрі қарай өңірлік кеңестің төрағасы Ерлан Раимов кеңестің мақсат-мүддесімен, шешіп жатқан мәселелермен таныстырды. Аудандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі Алмас Қаржаубаев облыстан келген азаматтарға бірқатар өзінің сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Мұнан соң өкілдер Жосалы кенті әкімдігінің мәжіліс залында ауылдық округ әкімдері және жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Жиынның басты мақсаты – кәсіпкерлерді қолдау, олардың құқықтарын қорғау бағытындағы және қолданысқа енгізілген жаңа заңнамаларды түсіндіру, жеке кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасу.
Кездесу барысында аудан кәсіпкерлері көкейлерінде жүрген сауалдарымен бөлісіп, тиісті уәкілетті орган өкілдерінен кеңестер мен түсіндірулер алды.
Өңірлік кеңес мүшелері кәсіптің көзін тауып, кез келген бастаманы сәтті жолға қоюдың тетіктерімен бөлісті. Сонымен қатар, «Мен кәсіпкер», кәсіпкерлікті дамытуға арналған Ұлттық жобалары аясындағы қаржылай қолдау механизмдерін түсіндіріп өтті.
«Биыл ауыл тұрғындарына, жастарға ме쬬лекеттік бағдарламалар шеңберінде 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беріледі. Жастарға арналған бағдарлама жұмысын бастап кетті. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жақын күндері нақты талаптары белгілі болады. Мемлекеттің мұндай қолдауын уақытылы қолдану керек. Кеңес алу, құжат дайындау бойынша біз көмек көрсетеміз», – деді облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Дәурен Мұзапарұлы.
Облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Наталья Мишукова «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағыты аясында жүзеге асырылатын «Бір ауыл – бір өнім» жобасына ауылдағы қыз-келіншектерді қатыстыру үшін ауылдық округ әкімдеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізуде көмек көрсетуді сұрады.
Кәсіпкерлердің көтерген мәселесі бойынша кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Біржан Өмірзақов әр бағдарламаның ерекшелігін түсіндіріп, шешу мүмкіндіктерін ұсынды.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
08 мамыр 2023 ж. 356 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031